М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
g2004
g2004
26.05.2020 19:51 •  Қазақ тiлi

Казахский язык 5 класс текст про астану ( маленькое ) 4-6 предложений заранее на казахском языке

👇
Ответ:
innassss
innassss
26.05.2020

Астана арман қала

Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.

Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.  

Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.

Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.  

4,4(67 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ahjdfgnn73
ahjdfgnn73
26.05.2020

1)С

2)2070-жылға

3)Оқушылар тек электронды және оқулықтармен оқиды

2-тапсырма

Ақылды үй өте керемет. Балконы туралы айтсам онда әйнек қабырғалар пайда болған екен.Енді балалар балконнан құламайды.Едені тас плитасынан жасалған екен.

Қоқыс жәшіктері де өзгерген екен.Робот шаңсорғыш тазалап біткен соң қоқыс жәшігі ол жинаған қоқысты сорып алады екен.

Енді ақылды үйдің өз су қоймасы бар екен. Ол жаңбырдың суын өзіне сорып алып, оны сүзгіден өткізеді. Егер су қоймасының қосымшасын телефоныңызға жазып алсаңыз оны алыстан басқаруға болады. Оған таймер қойып ағаштарды , гүлдерді суаруға болады.

2)

Болашақтағы тұрғын үйлердің қабырғалары айнадан әрбір қабаты жағажайдаға малтатастарға ұқсайды деп ойлаймын

4,4(8 оценок)
Ответ:
lenka040670
lenka040670
26.05.2020
Жұмыстың мақсаты:
«Жеті қазынаның бірі жылқының»ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру, халқымыздың жылқы малына қатысты салт - дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсету.

Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден танып, білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танытын сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды шебер игерген. «Төрт құбылада - төрт түлік»деп бекерге бағаламаған.

Төрт түлік малдың пайдасы. Еті - жесең тамақ Сүті – ішсең сусын. Жүні - кисең киім. Терісі - байлық. Сүйегі, мүйізі - тұтынсаң бұйым. Мінсең - көлік. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Міне, осы жайларды оқып үйрене мен әсіресе жылқы малына қатысты көптеген қызықты деректерді жинақтадым. Соның ішінде қымыздың пайдасы туралы айтсақ, қымыз - пайдалы сусын. Қымыз - қазақтың көнеден келе жатқан шипалы сусыны. Бие сүтінен жасалатын бұл сусын көшпелі халықтардың ежелден келе жатқан дәстүрлі тағамы, қадірлі асы. Кең сахара, жапан түзді жайлаған көшпелі елдің басты күнкөрісі жылқы малы - халықтың ішсе қымызы, жесе еті, кисе киімі болып келді. Орыс ғылымдары Г. Захарин мен С. Боткин тәптіштеп зерттей келе «Қымыз - адам денсаулығын күшейтіп ауруды бәсендететін тағам»деген қорытынды жасаған болатын. Қымыздың құрамында аурудың тәбетін ашатын В2, В12, Р, С витаминдері көп. Науқастанған адамға қымыз ішкізсе, оның организмінде гемоглобин, эритроцит көбейіп, холестерин құрамы қалпына келеді.

Жылқы - қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал - жылқы. Оның пірі - Қамбар ата. Қамбар атаға Тағы бір тілек тілейін, Шын бергенін білейін. Өңкей ала шұбардан, Жал - құйрығы шұбалған, Айғырды бер байсалды, Үйірі толған байталды Өңкей мама биемен Сауған сайын иіген, Желіні сүтін тыймасын, Көнекке саусақ сыймасын. Ұзара берсін желісі, Кеңи берсін өрісі
Қоғалы көлді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған.
Шыңғыртып асау құлынды, Қыл арқанмен байлаған. Жылқышы ата баласы Жылқы бассын үйіңді Бұл өлеңде жылқы жасына қарай талданған
Жылқы жасы 1. Құлын - жылқы төлі 2. Жабағы - 1 жылға дейінгі төл 3. Тай - 2 жастағы жылқы 4. Құнан - 3 жастағы жылқы. Байтал - 4жастағы ұрғашысы 5. Дөнен - 4 жастағы еркегі 6. Бесті - 5 жасар еркек жылқы. Ат - кестірілген, мініс ат 7. Айғыр - аталық жылқы. Сәурік - жас айғыр. 8. Бие - аналық жылқы. а) мама бие - көп құлындаған жуас бие ә) қулық - алғаш құлындаған бие
Бұрын ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын ерекше дәріптеп, бағалаған. Айт, ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние тігілген. Тіпті, бас бәйгеге елу бие, ақ отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе, жабулы қара нарға қалы кілем иеленіп, аты озған зор олжаға ие болады. Халық жылқыны жоғары бағалап, жүрісін де жіктеген.
4,6(98 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ