Айтыс – халық мұрасы.
Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Бізде өз кезегімізде бұл құндылықтарды қастерлеп, келер ұрпаққа осы күйінде жеткізуіміз керек.
Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.
Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.
Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүр, ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет.
Объяснение:
Объяснение:
Ораздың қысқы соғымы - қоян ғана. Оның үйі қоянды көбінесе сорпа қылып емес, бәліш жасап жейді. Сол үйде үлкен қара таба болады. Ораздың әйелі бәлішті осы қара табаға толтыра жасайды. үлкендігіне кісінің құлашы әрең жетерліктей зор бәліштің ішіне қоянның етіне араластыра картоп та салынады. бір бәліш екі үйдің жанын лық тойғызады. ораз - әңгімешіл адам. оның айтуынша, әкесі қаша да аңшы екен. ес білгелі әкесінің қасына еріп, аңшылықты кәсіп еткен. оның аң аулауға қатысты әңгімелері көп. оның әңгімелері балалар үшін қызық. ораз аңнан қайтса, жұрт оның әңгіме-кеңесін тыңдауға жиналады. аңшылық туралы әңгімелерінің арты күнкөріске келіп соғады. ауылда кім көп, кедей көп. олардың бәрінің қолынан аңшылық келе бермейді… - жасағанның бергеніне шүкіршілік, - дейді ораз, маған байлық біткен жоқ. бірақ аңшылықтың арқасында ешкімге телмірген жоқпын.
2. Киім тігу мен зергерлік бұйым жасау өнердің бір түрі.
3. Киім тігу үшін мата қажет.
4. Зергер - әшекей бұйымдар жасайтын шебер.
5. Тігінші - киім тігетін шебер.