Алтын адам табылған қорған бұл өңірдегі обалардың ішінде ұрлықшылардың тонауынан аман қалған жалғыз қорған. Сақ жауынгерінің денесі обаның негізгі бөлігінде жатқан жоқ. Бәлкім, оның сақталып қалуының сыры осында болар.
Қорғанда хан әулетінен шыққан әкесі мен баласы жерленген болуы да мүмкін. Табылған алтын адамның хан әулетінің ұлы екені белгілі.
Алтын адамның киіміндегі алтынның нақты салмағы белгісіз. Мектеп оқулықтарында киімнің салмағы жиі жазылғанымен, нақты алтынның салмағы аталмайды.
Алтын адам киіміндегі жапсырмалар таза алтыннан жасалмаған. Олардың негізі ағаштан жасалып, сыртын алтын жұқалтырмен қапаған. Дәл осы себепті, алтынның нақты салмағы әлі күнге белгісіз болып отыр.
Есік қорғанынан табылған алтын адамның жасы 16-да болса, оның бойы 165 сантиметр болған.
80 сантиметрлік бас киімде дүниенің төрт бұрышын және билікті білдіретін 4 жебе бар. Осы белгісіне қарай Алтын адам хан әулетіне жатқан деп топшыланады.
Сонымен қатар, обадан 2 алтын жүзік табылған. Біреуінің беті тегіс болса, екіншісінде жалы не қауырсыны бар адам бейнеленген.
Алтын адамның бас сүйегі сынған. Сақ жауынгері жерленген камера төбесі тянь-шань шыршасының бөренелерімен жабылған. Уақыт өте келе бөренелердің біреуі шіріп, сақ жауынгерінің бас сүйегіне құлаған. Ал жауынгер арқасынан қылыштың жүзімен соққаннан мерт болған.
Алтын адамның киімі қызыл күдеріден тігілген. Археологтар қорғанды тапқан уақытта, тек алтын сауыт, әшекей-бұйымдар мен ыдыстар сақталып қалған. Алайда, Бекен ата обадан қызыл күдерінің қиындысын тауып алған. Сол арқылы алтын адамның киімі қалпына келтірілді. Сақтардың ұғымында қызыл түс қан түсін білдірген.
Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.
Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.
Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.
Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.
Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.