Объяснение:
Қалқаман Айымғазыұлы Сарин (2-қаңтар, 1978 жыл, Арқат ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) - ақын, аға оқытушы, тележүргізуші. Шалқар радиосының директоры
Қалқаман Сарин портреті
Өмірбаяны
Ол 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 - 2003 жылдар аспирантураны тәмәмдаған.
Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка Академиясында оқытушылық қызмет атқарған. «Жібек сезім Жүрек сөзім» деп аталатын өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнта шығарған. Ел ішіне кеңінен танылған «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім» т.б. ән мәтіндерін жазған.
Қазір Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан тарихы кафердрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады. Қазақстандық арналардағы "Кеш емес", "Ой-толғам" хабарларының жүргізушісі болған.
Жетістіктері
Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. «Арманымның бейнесі», "Құс жолындағы керуен" атты жыр жинақтарының авторы.
Наурыз көже
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде саналатын наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады.
Қазақ халқының дәстүрінде жеті саны киелі саналады, міне,ұлттық тағам наурыз көже де міндетті түрде жеті түрлі тағамнан әзірленеді. Олар: су, ет, арпа, тары немесе күріш, айран, құрт және тұз. Енді құрамындағы әрбір тағамға толығырақ тоқталып кетсек. Ең негізгісі - ол су, яғни «келер ұрпақ судай тасып, көбейе берсін» деген мағына білдіреді.
Келесі – ет. Қазақ халқының сүйсініп жейтін әрі аса қадірлейтін тағамы ретінде көжеге міндетті түрде ет қосылады, әдетте сүрленген ет қосады. Бұл – «ет көп болсын» деген мағына білдіреді.
Ал арпа болса, керемет емдік қасиеттері бар, сонымен қатар өте тойымды.
Дәнді дақылдарды қосатын себеп (тары, күріш) бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.
Қазағым қашанда сүт тағамдарын «ақ» деп ерекше бағалаған, міне, наурыз көжеге де міндетті түрде айран немесе сүт қосылады, бұл бір жағынан «ақ мол болсын» дегенді білдірсе, екінші жағынан «сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын» деген ниет жатыр.
Ал құрт пен тұз болса, тамақтың дәмін келтіреді.
Әрине, көже дайындауға тек осы тағамдар қосылу керек деген қатаң талап жоқ, әркім өз қалауынша әзірлей береді. Бірақ, ең бастысы, құрамында жеті түрлі тағам болуы шарт.