Алматы - әсем қала
Менің онымен таныстығым анашымның айтқан әңгімелерінен басталған шығар. Бұрын Шымкент қаласында тұрған анам ыстық ауа райына үйреніп қалған болатын. Ал Алматының Шымкентке қарағанда суық екені рас. Алайда ол тамыз айындағы Алматының ауа райын көріп, қатты таңқалған. Сол сәтте бұл қаланың өзіне бірден ұнайтынын түсінген. Бұл қала оны әсем табиғатымен, биік тауларымен, гүлдерінің жұпар иісімен таңқалдырған. Ал мен Алматыны басқа қырынан көрдім десем де болады. Себебі, бұл менің туған қалам. Оны ешбір мекенмен салыстыра алмаймын.
Мен туған қаламды жақсы көремін. Бұл жерде көптеген көркем жерлер мен түрлі ескерткіштер, мұражайлар бар. Қаланың ең көркем жерлерінің бірі – Хамит Ерғали жағалауы. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанынан ағып өтеді. Оның жанында кішкене балаларға арналған ойын алаңдары бар.
Ал Көк-Төбенің әсем табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның биік нүктесінен Алматыны алақандағыдай көруге болады. Мұнымен қатар, Алматы қаласында “Мен қаламды шексіз сүйемін” атты жазуы бар автобустар жүреді.
Ауылға барып келген сайын қаламдағы өзгерістерді көріп қуанып қаламын. Күн сайын жаңа ғимараттар мен үйлер салынып жатады. Түрлі-түсті гүлдер көздің жауын алады.Мен бұл қаланы ерекше жақсы көремін.
Объяснение:
если не правильно сор
Қазақ халқы сөзге шешен, сөз құдыретін қастерлеп келген халық. Сол себептен әр ата-ана «балам шешен болсын, тез сөйлеп кетсін» деген оймен, баланың жылдам сөйлеп кетуін қалайды. Бала жарты жылға жақындағанда, оның ата-анасы құлағына әуендерді қайталап, неше түрлі өлеңдер айтады. Сәби ең алдымен «апа, ата» дегендей сезіледі. Кейін жаңа сөз айтуға шамасы жеткенде «тілі тез шықсын» деген ниетпен, қазақтың көне ғұрпы бойынша «Тілашар тойын», тілеуін жасайды. Бұл тілашар тілеуге тілек тіленіп, тілеу малы сойылып, ауыл аймақтық қадірлі, шешен, кемеңгер, ұшқыр тілді, данышпан, сөз ұстасы, адамды арнайы таңдап, «тілашар» тойына шақырады. Тойға келген ақсақал қадірлі адам қойдың сыбағалы басын кесіп, оның тілі «тез шықсын, шешен бол» деп тілді балаға жегізеді. Қойдың ішегімен «баланы буындыру» рәсімін істеп «сөйлейсің бе?» деп үш рет сұрақ қойып, шешесі мен бүлдіршіннен «сөйлейміз» деген серт, уәде алады. Бүлдіршінге қариялар, тойға жиналғандар «Жиреншедей шешен бол, сандуғаштай сайрап кет, бүлдіршіннің тілі тез ашылсын» деген тілек айтып тарайды. Ары қарай баланың тілінің
Объяснение: