Бұл менің үйім,ал мынау-оның үйі. Мұны өзіңіз жасаңыз. Менде ештеме жоқ. Барлық адамдар көшеде қыдырып жүр. Бұл кім? Қазір ешкім ештеме оқымасын. Бұл сенің орынын ба? Мұнда ешкім отырмасын. Сіз қазақша қалай сөйлейсіз? Мен сізге айтамын! Бұл жаттығуды өздерің орындандар. Қазір ешкім сені мәжбүрлемейді. Сен мұны өзің біл. Мына кітапты ал, ол өте қызықты. Біреу мұнла келе жатыр. Кәне мен сеннен бірдене сұрайын. Барлық ел қазақ тілің зерттейді. Кәнекей бірдеңе жасайық. Сенің үйің- сенің үйің. Кейбір адамдар қазір жұмыс істеуде. Саған бірдеңе айтайын ба? Өздерің қонаққа барыңдар, менің уақытым жоқ. Өзің баста. Үйде ешкім жоқ. Ешкім жауап бермейді. Барлығы мұнда. Біреу балмұздақ алып келсін.
- Арман, қалай ойлайсың, біздің тыныс алып отырғанымыз ауа таза ма? - Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз. - Неліктен? - Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді. - Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә? - Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды! - Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе? - Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек. - Ал ауаны қалай ластамауға болады? - Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру. - Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар? - Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады. - Оттегі деген не? - Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады. - Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой. - Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.