Объяснение:
Сәлем! 10 күн бұрын бізде 9-мамыр мерекесі атап өтілді! Бұл мереке- Жеңіс күні болып есептеледі. Осы мерекені біздің тойлап жатқанымызға биыл 75 жыл болды. ИЯ, 75 жыл. Бірақ дәл осы күні 75 жыл жыл бұрын екінші дүниежүзізік соғыс болған.Бұл соғыста қазақ жауынгерлері өте мықты ерлік көрсеткен. Олардың бардығы қазақ жері үшін өз өмірлерін қауіп кетерге тіккен. Бірақ солардың ішінде мен Қайырғали Смағулов туралы айтып бергім келеді. Ол екінші дүниежүзілік соғыста аса мықты ерлік көрсеткен, Соғыста ол аға лейтенант қызметін атқарып, Керчь түбіндегі соғыста көзге түсген. Ол жазғыз өзі 20-жау әскерінің көзін жойған. Кейіннен оған Халық қаһарманы атағы берілген. Жалпы Смағуловтан басқа да біздің қаһармандарымыз өте көп. Олар жайлы кейінірек айтып берермін.
Шешендік сөздер туралы шығарма.
Шешендік сөздер - қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын дидактикалық жанр.
Қазақ халқының шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған.
Шешендік өнер суырып салма ақындықпен жақын келетін сирек кездесетін дарын, әрі қасиет. Әркімнің қолынан келе бермейді, себебі ол терең ой мен ұтқыр шешімге құрылады.
Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, Ыбырай Алтынсарин халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Кезінде үлкен дау – жанжалдың барлығы билер айтқан шешtндік сөздерге тоқтап, өз шешімдерін табатын болған. Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ халқының шешендік сөз өнері XII-XIII ғғ. Аяз би мен Майқы биден басталып, Асан қайғы, Жиренше шешен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әз Жәнібек, Махамбет пен Сырым батыр шешендіктерінен өз жалғасын тапқан.
Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – өшпес мұра, ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына екенін ұмытпайық.
Объяснение: