Қазақ халқы- ең қонақжай халық болып есептелінеді. Бұрыңғы қиын қыстау заманда біздің елге көшіп келген өзге ұлт өкілдерін қуып шықпай төріне кіргізді. Үйіне қонақ келсе сол қонақтан ұят болмау үшін 1 қойы болсада соны сойып ет асқан.
Сол ата бабамыздан қалған қасиет менің ата анамада дарыған.Біздің үйге танитын болсын,танымайтын болсын келсе есігіміз әрдайым ашық,дастарханымыз дайын.Үйге келген қонақ біздең ас жемей кетпиді.Қонағымызды үй ішіндегі барлығымыз сыйлап, құрметтеп төрге шығарып тамақ беріп бір жақсылап демалтамыз.
Судың да сұрауы бар.
«Су – тіршілік көзі», «Судың да сұрауы бар» деген даналықты тікелей мағынада түсініп көрелікші. Сусыз өмір жоқ екенін теориядан білеміз. Ал іс жүзінде сол тіршілік көзі суға деген құрмет жоғалып барады, десем артық айтқаным емес.
Әлемдегі судың 3 % (үш пайызы) ғана тұщы су екен.
Егер адам ағзасына 2 литр су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс жасау іс - әрекеті 20 пайызға төмендейді екен.
Ер адамның ағзасы 70% судан тұрады.
Енді мына сұмдықты күнде бәріміз көріп жүрміз: Дәрет алғанда неше литр су кеткенін есептеп көрдіңіз бе?
Күнделікті астан соң жуылатын ыдыстарға неше литр су жіберетініңізді есептеп көрдіңіз бе?
Ендеше суды үнемдеумен қатар, соған кететін қаражатыңызды да үнемдей аласыз. Төменде берілген пайдалы кеңеске назар аударып көріңіз.
Пайдалы кеңестер.
● Кірді сирек жуыңыз, аз-аздап жуғанның орнына кірдің жиналуын күтіңіз, сонда шығын да азаяды, суды да үнемдейсіз.
● Ваннаға түскеннің орнына душ қабылдаңыз. Бұл суды үнемдеумен қатар денсаулығыңызға пайдалы. Қан тамырлар жүйесін нығайтады, сергітеді.
● Ыдыс жуғыш құралдарды аз пайдаланыңыз. Ыдысты ағып тұрған кран астына емес арнайы ыдысқа жуған абзал. Бұл жағдайда үнемдеуді 3 есе арттырасыз. Ыдыс жуатын құрал мен суға қаржы үнемдейсіз және экологияның ластанбауына үлес қосасыз.
● Таза ауыз суды босқа төге бермеңіз.
Таза ауыз суды дұрыс пайдалана біліңіз. Бұл ақша үнемдеуге баулиды және табиғатқа құрметпен қарауға үйретеді.
Суды үнемдей білейік, табиғатқа құрметпен қарайық!