Фастфуд (жылдам даярланатын тағамдар) туралы.
Уақыт пен заман ағымына қарай, бүгінгі күні қоғамымызда «фастфуд», яғни жылдам даярланатын тағамдар аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Менің ойымша, оның бірден - бір себебі: бүгінгі күні адамдар материалдық құндылықтарды жоғары бағалағаннан кейін және «уақыт - ақша» деген түсінік қоғамда етек жайғаннан бері, сол уақытты үнемдеу мақсатында фастфуд өте үлкен танымалдыққа ие болып отыр деп есептеймін.
Ғалымдардың ойынша, мұндай жылдам даярланатын тағам адам ағзасына кері әсерін тигізіп, тіпті кейбір аурулардың себепшісі де болып жатады. Ең басты зияны – ол асқазанға тигізетін кері әсері. Сонымен қатар, бұл тағамдар әуестік туғызады. Ал үнемі біркелкі тамақтану – ол да зиян.
Денсаулық мамандарының айтуынша, жылдам даярланатын тағам құрамында майлар мен консерванттар өте. Сонымен қатар, бұл тағамдарды дайындау барысында маргарин өте көп қолданылды, ал оның құрамында трансмайлар көп, ол да адам ағзасына зиян келтіреді. Және де фастфуд әзірлеушілер оның құрамына арнайы дәмін күшейтетін арнайы дәмдеуіштер қосып, осының салдарынан адамдарда тәуелділік пайда болады.
Сондықтан, менің кеңесім: мұндай тағамдардан шама келгенше бас тартып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығымызды сақтайық!
Шығарма.
Абайды оқы, таңырқа.
Туған елінің, Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарының нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелейді армандаған ұлы ақын Абай:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім,- деп ғылым дариясына кешірек қол сермеп қалғанын өмір бойы өкінішпен айтып өткен.
Абай ақындық жолға бет бұрған дағы алғашқы сөзі орыс мәдениеті мен білімінің маңызын насихаттауға арналады. "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернетта оқып жүр" өлеңдерінде кейінгі ұрпаққа өсиет ретінде ұсынған. Ғылым жолы – әділдік жолы екенін танытады.
"Қалың елім, қазағым", "Сабырсыз, арсыз, еріншек" өлеңдерінде сол замандағы ұнамсыз әрекет, мінездерді елдің сорына біткен қу мен сұм адамдардың жиіркенішті кейіпін ашады.
Абайдың орыс поэзиясынан алған үлгісінің бірі – табиғат лирикасы. Табиғат – а ң еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Ақынның әр өлеңі өзінше іздену. Табиғаттың өз суреттерін беруден жаңалықтары бар.
Сол дәуірде Европа орыс халықтарының ірі ойшылдары көтерген прогрессивтік, жалпы адамзат қоғамының үлкен мәселелеріне Абай үн қосқандардың бірі болды. Өзі үстем таптан шықса да, Абай бұқаралық тілектегі халық ақыны болды.