Түнгі аспаннан 88 «жұлдыздар өрнегін» көруге болады. Бұлар - шоқжұлдыздар. Вавилон, Мысыр, Қытай және Грекияның алғашқы астрономдары жұлдыздарды қарастырған кезде олардың кейбірінің жануарларға немесе аңыз-әңгімелердің кейіпкерлеріне ұқсас екенін аңғарған. Сөйтіп,оларға Торпақ (өгіз) немесе Персей (грек кейіпкері) деген сияқты атаулар берді. Кейіннен Телескоп сияқты өзге шоқжұлдыздар табылып, ат қойылды. Көптеген шоқжұлдыздарды осыдан 2000 мың жылдан астам уақыт бұрын алғаш тапқан Қытай мен вавилонның астрономдары еді. Жұлдыздар ежелгі ғалымдардың қызығушылығын туғызды, бірақ телескоптар жоқ болғандықтан, олар көзге көрінетіндерге ғана атау берді. Шоқжұлдыздардың пішіндері мен өлшемдері әр түрлі болып келді. Егер шоқжұлдыздарды құрайтын жұлдыздары сызықтармен біріктірілмесе, аты берілген жануарды немесе заттарды тану әрдайым мумкін бола бермейді. Кейбір шоқжұлдыздардың екі немесе одан да көп атауы бар. Ежелгі гректер Орион шоқжұлдызын Аңшы шоқжұлдызы деп атаса ,ежелгі мысырлықтар Осирис деп атаған.
Жер ананың сұлу қыздары. Ертеде Жер ана дүниеге екі сәби әкеледі. Екеуі туылғанда Жер ана біреуіне Ай, екіншісіне Күн деген есімдерді береді.Жер Күн мен Айды мәпелеп ,алтын бесікте бірдей тербетіп өсіреді.Осылайша екі ару өсе береді.Сұлулар өскен сайын бір-біріне сүйіспеншілік емес, жек көрініш пайда болады. Күн де Ай да әркез айнаға қарап әдеміліктерін тамашалаумен болатын.Ия дәл солай, олардың жек көрінішін пайда болғызған міне осы сұлулықтарында еді.Екеуінде де әрқашан кім сұлу? — деген сауал туындайтын. Ай ару Күннің жарқылын жек көретін. Онымен бүкіл әлем жарқырап, тіпті Ай да жарқылдайтын. Екеуі тіл табыса алмайтынын түсінген Ай анасы Жерге барып:
— Анашым мен Күнмен бірге тұра алмаймын, екеуімізді екі жаққа бөліп тастауыңызды өтінемін — дегенде
Жер ана қатты ашуланады. Айға рұқсатын бермейді,сонымен қатар екеуіне Жер ана іштей қайғырып, жас қыздарының болашағына алаңдайды. Ең қорқыныштысы сұлу қыздарының бір-бірінен ажырап кетуі еді. Ай Күнге барып:
— Екеуіміз екі бөлек жандармыз.Мұны анамыз Жерге түсіндіру керек! Екеуіміз ешқашан тіл табыса алмаймыз-дегенде Күн де қалыспай:
— Демек мен саған қарағанда сұлу екенімді мойындап , менен бөлініп кетпексің ғой — дейді.
Бойын ашу ыза кернеген Ай Күнге барып ерегіседі.Ерегісіп жатқанда ашуланған Күн Айдың әдемі бетін тырнап тастайды. Ай арудың беті қатты теңбілденіп қалады.Оны көрген Ай қатты қайғыға батып, көз жасы көл болады.Сұлулығынан айырылған Ай , Жер ананың рұқсатынсыз алысқа кетіп қалады
Күн Айдан кешірім сұрау үшін оны қанша іздесе де таппайды. Ал Ай болса түрінен ұялып Күннен қашып жүреді.Апалы сіңлі қанша тырысса да бірге бола алмайды.Енді мүлдем кеш еді.Сол сәттен бастап екеуі бір-бірін ешқашан көрмепті.Күн ұйқыға кеткенде Ай шығып, Ай ұйқыға кеткенде Күн шығыпты. Біз де туған бауырларымызға қамқор болмасақ, кейін арамыз бөлініп кетуі мүмкін.
Моя школа хорошая и красивая