М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Zazoo12365
Zazoo12365
28.08.2020 21:27 •  Қазақ тiлi

Сочинение "табиғат байлығы" на казахском, ! заранее !

👇
Ответ:

    Табиғат – жаратылыстың ғажап туындысы. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі оқиғалар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңісі, қызыл-жасылды түзілген ағаштар жемісі бәрі-бәрі а ң таңдайын қағып, таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, сондықтан да а ң табиғатты жырлауға шеберлігі, табиғатпен сырласатын көрегендігі осының айғағы. Қанша десек те, табиғаттың күйін, әсем формасын, қазынаға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ, айтсақ та тіл жеткісіз.  Жер жүзіндегі жеті кереметке өз үлесін қосқан табиғаттың шеберлігін ұққан адамзат сәнденушілік (мода), суретшілік, сәулетшілік(архитектура), шеберлік(мастер), күйшілік секілді т.с.с. қастерлі қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз. Мәселен, «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалап» алысқа бармай-ақ өзіміздің әлемге әйгілі суретшіміз Әбілхан Қастеевті алайық . Баршаға аян, суретшілік өнерімен талайды таңғалдырған Әбілханнан «Сен мұндай өнерді қайдан үйрендің?»- деп сұрағанға:

«Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен

үйрендім»,-деген.Яғни, адамзат өмір бойына табиғаттан бәрін үйренер, үйренеді, үйрене бермек те. Міне, сондықтан да табиғатқа адамзаттың қыруар өлшеусіз қарыздылығы оның табиғат тынысын тазартып, аялай білуімен қатар, кәдуілгі көркем бейнесін қалпына келтіріп, әлемнің жеті кереметін жетпіс кереметке жеткізуімен өлшенеді. Десек те, бәрін қоршаған ортадан алып, қамбаға астықтарын салып жатсақ та, кейбіріміз, атмосфераны түрлі түтіндермен ластап, хош иісті гүлдерге ұсқынсыз қоқыстарды тастап, тіпті, атом бомбасын да жер-ананың оюлы кілеміндей көрікті көкке жарып, таңғажайып табиғаттың жерін қарып жататындығымыз даусыз. Мұндай жағдайлардың жер бетінде қайталап орын алмасы үшін қазақтың әдемі «саусақ бірікпей ине ілікпейді» деген мәтелін тұңғиықпен түсінген әлем жұмыла еңбек етуде. Әу бастан дана халқымыз сол себепті «судың да сұрауы бар» деп тегін айтпаған. Бұл мәтелге арқау болар тылсым табиғаттың тосын жасаған адамзатқа арналған антонимдік арпалыстары да жоқ  емес. Мәселен, әлемдегі лас қалалардың ірі бірнешеуі орын алған Индонезия жерінің бетін «Аллаһ» деп жазылған 30метрлік цунами аз ғана уақыттың ішінде тып-типыл еткен.

       Бұл бір ғана мысал. Әлемде осы секілді қаншама табиғат апаттары, жер сілкіністері, қар көшкіндері, тайфун, жел, сел, дауылдар, құйындар тіркелген. Мұның барлығы тілсіз ашынған табиғаттың қаруын асынған адамзатқа іспен қайтарған жауабы. Ал, қаруын асынбаған адамзатқа, ешқашан ашынбаған табиғат та. Қайта ондай адамзатқа «жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады» дегендей табиғат та өз ұясынан шығып, көркем бейнесіне еніп, жер әлемінің кейбір тұстары  асыл а ң адамгершілік принциптеріне қарай жән­наттың бір бақшасындай жайқалып көркеюде. А ң адамгершілікті әрбірі надангершілікті кейбірін жазалай отырып, әлемнің кейбір емес, әрбір тұсын жайқалтуға жұмыла жұмыс жасаса, бәрімізге нұр үстіне нұр болар еді. «Табиғатымыз-байлығымыз» дер болсақ, сол байлықты сақтайық! Лайым солай болғай.   

4,4(85 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
lashina90
lashina90
28.08.2020
Rainbow - сирек аспанда көруге болады өте қызықты табиғи құбылыс. бір уақытта жаңбыр және жарық күн кезде ол орын алады. Бұл жағдайда, сіз күн сіздің артқы тұруға және жаңбыр тап қажет.
Сіз кемпірқосақтың қараған кезде, ол оның ғажайып, жұмбақ ауаны таң қалдырады. аспан бойымен безендіріліп, көпір ертегі сену қабылдау, фантастикалық шындыққа жанаспайтын болып көрінеді. әрқашан кенеттен орын сипаттағы осы ғажайыпқа, қарап, біз мылқау таң мұздатылған жатыр.
күн белгілі бір бұрышпен ол жарқырап кезде Радуга су тамшысы көруге болады.
4,8(66 оценок)
Ответ:

Ата қоныс

Ата қоныс дегеніміз - атадан балаға мирас болып қалып отырған, кіндік қанымыз тамған киелі аймақ. Халқымыз "Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат" деп бекерден бекер айтпаған.

Әрбір адамға туған жері, туып өскен өлкесі, Отаны қымбат. Бауыржан Момышұлы атамыз кезінде "Отан үшін отқа түс, күймейсің" деп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеген.

Туған жер, Атамекенді өлең-жырға қосқан ақын-жазушылар қаншама! Отан оттан да ыстық қой. Ата қоныс жерден жырақта жүрсең, туған жерің қашан да жүрегіңде болады, елге жеткенше асығып, шіркін, көк жайлауым-ай, асқар Алатауым-ай деп аңсамайтын адам жоқ шығар.

Туған жерді ешнәрсеге де айырбастауға болмайды, осы ретте дана халқымыздың "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген нақыл сөздері өте орынды айтылған. Себебі, туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!

Сондықтан менің ойымша, қазірден бастап Елбасымыз айтқандай балалардың, жастардың санасында "қазақстандық патриотизм" яғни отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, бойларына сіңіруіміз керек. Сонда ғана саналы ұрпақ тәрбиелеп, материалдық – рухани игілігімізді, сана – сезім мен төл мәдениетімізді қалыптастыра аламыз. Осындай тәрбие алып өскен ұрпақ келешекте Атамекен атын асқақтатып, Еліне барынша қызмет етіп, өз іздерін қалдыра алады.

4,5(96 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ