М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
danilchirkov0
danilchirkov0
21.05.2021 04:56 •  Қазақ тiлi

Напишите небольшое эссе на тему мода на казахском языке

👇
Ответ:
icrupnov
icrupnov
21.05.2021

Сән туралы.

"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге, әдемі киімге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды әрі ыңғайлы болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.

Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.

Адам көркі шүберек екені сөзсіз, қазіргі қоғамның өзінде барған жерінде қанша ақылды болсаң да, үстіндегі киген киіміңе қарап алдымен баға береді. Дегенмен, сәнді әрі жарасымды киініп жүру - қазіргі заман талабы. Бірақ,  менің ойымша, сәнді киіну үшін міндетті түрде көп қаражаттың керегі жоқ. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, әр маусым аяқталар кезде ірі сауда орталықтарында арнайы жаппай сатылым жүргізіледі, біз мысалға отбасымызбен осындай сатылымдарда жиі өзімізге ұнаған киімдерді сатып аламыз. Мысалға, сәннен шықпайтын классикалық үлгідегі киімдер, немесе қашанда әркімнің гардеробында елеулі орын алатын шалбар - күртелер.  Былғарыдан жасалған аяқ - киімдерді де осындай маусымаралық сатылымдарда жақсы тиімді бағада табуға болады.

Қаражатымызды үнемді жұмсап, әдемі де жарасымды киіне білейік.

4,7(4 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kpy4
kpy4
21.05.2021

Жауап:

1820 жылы ағылшынның Брейтан қаласындағы жазу қағаздарын сататын дүкеннің қожайыны Бревер тұтынушылардың өз тауарына деген қызығушылығын арттыруды ойластырып, жарнама жасауға бел буады. Таңертең тұрғындарды таң қалдыру үшін түнімен жұмыс істейді. Дүкен ашып, үлкен терезесіне орасан зор пирамида жасап қояды. Пирамиданың астыңғы бөлігінде газет беттерін басатын қағаздарды қойса, жоғарғы жағы визит парақшалары мөлшеріндегі қағаздармен өрнектеледі. Елден ерекше бұл көрме расында да жұртты қайран қалдырады. Көпшіліктің назары, әсіресе, пирамиданың ұшар төбесіндегі кішкентай парақшаға түседі. Хат жазуға ыңғайлы қағаз. Тек почтамен  жөнелту үшін, оны алушының мекен-жайын қайда жазарын білмей әбігер ететіні болмаса. Мұның өзі Бреверді мекен-жай жазуға ыңғайлы жаңа пакеттерді ойлап табуға итермелейді. Дәл сол 1820 жылы тапқыр ағылшын қағаз қалтаның аздаған партиясын жасап шығарып, оны сатылған қағазға қосымша ретінде тегін беретін болды.

4,4(87 оценок)
Ответ:
V4SLA
V4SLA
21.05.2021

Алматы (орыс. Алматы́; 1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы)) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 897 143 адам тұрады (2019)[5]. Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18.8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіред

Объяснение:

Қаланың аумағы — 682 шаршы километр. Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-1000 метр жоғары Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларына орналасқан.

4,5(64 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ