М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
fgrtyrrrrty
fgrtyrrrrty
13.09.2021 07:17 •  Қазақ тiлi

Маган тауылсыздык тапак 8 жол керек

👇
Ответ:
yasmina143
yasmina143
13.09.2021
Он алтыншы желтоқсан - Тәуелсіздік алған күн. Мерекеге ел тосқан Атамменен барғанмын. Мерекеге шығады Бүкіл халық, біліп қой. Отандастар ұғады Тәууелсіздік - ұлық той. Аралаймын алаңды Тәуелсіздік күні мен. Батыр Қайрат ағамның Суретіне үңілем. Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн. Мерекеге ел тосқан Шырқатып ән салған күн.

© www.ZHARAR.com
4,5(46 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
taske047Ataske
taske047Ataske
13.09.2021
Қыс келді. Әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Көлде мұз қатты. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Ағаш жапырақтарынан айрылған, аянышты күйге түскен. Одан самал желдің әсерімен ғажап музыка ойнап тұрғандай дыбыс шығады. Дала – тынық, тып-тыныш. Кешке таман жел күшейіп, боран басталды. Суретші аяз терезеге әсем суретін салды. Осының бәрі көзге ыстық көрінеді.
4,4(68 оценок)
Ответ:
adelya606
adelya606
13.09.2021

Бауырсақ туралы ертегі (орыс халық ертегісі).

Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Бір күні қарны ашқан шалы кемпіріне: "Кемпір -ау, қамбаның түбін қағып, маған бауырсақ пісіріп берсеңші" депті.

Кемпір қамбаның түбін қағып, елеуішпен елеп, ақырында екі уыс ұн шығарыпты.

Сол ұн мен қаймақты қосып илеп, дөңгелетіп, ыстық майға қуырып, бауырсақ жасапты. Бауырсақ піскен бетте жемей, шал оны суыту үшін терезенің көзіне қойыпты.

Бауырсақ суып тұрып, бір кезде домалай жөнеліпті. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.

Бір кезде алдынан қон шығып: "Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін" депті.

Сонда бауырсақ қоянға: "Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін депті: «Менің атым Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын қоян саған да!»

Содан бауырсақ ары қарай домалай жөнеледі. Бір кезде алдынан қасқыр шығады да: "Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін" депті.

Сонда бауырсақ қоянға: "Қасқыр, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін депті:

Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқыр сенен сытылу,

Қиын емес – бұл маған!

Сонымен қасқырдан да құтылып, ары қарай домалай жөнеледі. Аюды кездестіріп, оған да өлең айтып, қаша жөнеледі.

Одан кейін алдынан түлкі шығып, бауырсақ өлеңін тағы да айта жөнеледі. Бірақ қу түлкі өз айласын асыру үшін "Өлеңін жақсы екен, бірақ менің құлағым нашар естиді. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы" -дейді.

Түлкінің тұмсығына домалап шығып, өлеңін айтады. Сол кезде Түлкі

ұстап алып, жеп қойған екен.

4,7(94 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ