Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп деп тануға болады.
Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.
Хат
Сәлеметсіз бе Абай ата .Мен сіздің көп өлеңдеріңізді , қара сөздеріңізді оқыдым. Менің сіздің өлеңдеріңізден алған әсерлерімді сөзбен жеткізе алмаймын. Әсіресе : Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін .
Сіз бұл жерде қазақ елін надан болсын емес , ақылды , дана болсын деп жазып жатқаныңызды да білемін. Мен сізді өте қатты жақсы көремін .Сіздің әрбір сөзіңіз шындық , еліне деген мейірбандылыққа толы. Сол үшін мен сізді басқа ақындардан ерекше жақсы көремін. Сіздің әрбір сөзіңізден тәлім - тәрбие алып жатырмын.
Мен білемін сіздің өлеңді ермек үшін емес , еліңізге тәлім беру үшін жазатыныңды . Қазіргі заманда сіздің арқаңызда көп адамдар жақсы жаққа өзгеріп жатыр .
Сәлеммен ( Аты - жөніңіз)