Бізлің Қазақстанымыздың алғашқы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Сол тұлға туралы айта кетсем:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан елінің дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, ақылды, әділ, әр қадамын аңдып басатын айбарлы адам. Ол 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүние есігін ашқан. Ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- елбасы болып сайланған соң, қазақ халқы тәуелсіздік алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса- тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы, халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді.
Мен халқымның, осындай үлгі тұтарлық тұлғасы бар екенін мақтан етемін!
Алдыңғы күні жазғанбыз. Пайдам тисе қуаныштымын
Әке – асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе – ауылы, ауыл десе – әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан. Қашан да қамқор болған сан үмітке, Өтермін сақтауменен салтыңды әсем. Көнбей ме көңіл шіркін кәрілікке, Өкпелеп қалмайсың ба «қартым” десем! Ақын үшін, «бір ауылдың бәйтерегі» – өмірдің ащы-тұщысын халқымен бірге татқан әкесі. Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы болмақ. Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп.