«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы ашылды.
Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр архитектурасында ұлттық нақыш айқын байқалады; оның техникалық жабдықталуы әлемдік стандарттарға сай келеді.
2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы шымылдығын түріп, қазақ музыкасының жауһары – М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен көрерменге жол тартты. Сол жылдың күзінде театр әлемдік тұсаукесерін жасап, халықаралық қауымдастыққа Дж.Вердидің «Аттила» операсын ұсынды.
Бүгінгі таңда «Астана Опера» репертуарында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» опералары, Ғ.Жұбанованың музыкасына қойылған «Қарагөз» балеті сынды ұлтымыздың атақты композиторларының шығармаларымен қатар әлемдік опера және балет классикасы: Дж.Вердидің «Аида», «Травиата», Дж.Пуччинидің «Богема», «Тоска», «Мадам Баттерфляй», Ж.Бизенің «Кармен»; П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», «Щелкунчик», С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта», А.Хачатурянның «Спартак», Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы», Л.Минкустың «Баядерка» және «Дон Кихот», Б.Эйфманның «Роден» балеті, Р.Петидің «Париж Құдай Анасының соборы» балеті, К.Макмилланның «Манон» және тағы басқа өнер туындылары бар. Спектакльдер көрнекті сценограф Эцио Фриджерио және костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино, Софья Тасмағамбетова және Павел Драгуновтың қатысуымен Франко Дзеффирелли, Юрий Григорович, Борис Эйфман, Алтынай Асылмұратова, Михаил Панджавидзе сынды атақты тұлғалардың қойылымында көрерменге ұсынылуда.
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар ерекше қарқынмен дамуда. Осыған орай мен өзімнің болашақ мамандығымның маңыздылығы мен қажеттілігін атап өткім келеді. Бағдарламашы болу өмірдің әр саласында сұраныс тудыруда. Ол ғылым мен техниканың заманауи талаптарға сай өркендеуіне жол ашты. Бұрынғы уақытқа қарағанда қазір еңбек күшін адамдар емес технологиялар алмастырып, соның нәтижесінде өнімділік күрт артты. Ал оларды іске қосу бағдарлама аясында жүзеге асады. Жер беті мен асты түгіл ғарыштық зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау осы мамандардың арқасында жасалады. НАДЕЮСЬ ПРАВИЛЬНО
Құрамында антоним үстеулері бар мақал - мәтелдер:
1. Арғымақ аттың баласы
Аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
2. Аздың атасы бір,
Көптің батасы бір.
3. Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап арылмайды.
4. Көпсінген азға жегізер.
5. Азды алмаған, көптен құр қалады.
6. Ақылды кісінің белгісі - аз сөйлеп, көп тыңдау.
7. Аз болса да күйінбе, мая болса қайтесің,
Көп болды деп қуанба, зая болса қайтесің.
8. Досың мың болса аз,
Дұшпаның біреу болса көп.
9. Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.
10. Азды көпке қосқанның
Арманы жоқ.
11. Аз болса, жетеді,
Көп болса, кетеді.
12. Таңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.
13. Еріншек түске дейін ұйықтайды,
Кешке дейін есінейді.
14. Ерте жатып, кеш тұру - еріншектің белгісі.
15. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
16. Бір ауылда мың туысың болғанша,
әр ауылда бір туысың болсын.