М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
danilhgg52
danilhgg52
30.03.2020 22:39 •  Қазақ тiлi

Сделайте сочинение на казахском мой родной край

👇
Ответ:
vaco1taps
vaco1taps
30.03.2020

Шығарма.

Менің туған жерім.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.

Менің туып өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.

4,5(22 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
sanyakryt
sanyakryt
30.03.2020
Тааак
Ну вот так получилось
Сәлем, біз Астанада. Бұл қала өте әдемі. Мұнда ғимараттардың дизайны мен олардың архитектурасы дамиды. Мұнда көптеген көрікті жерлер бар. Мысалы, "Бәйтерек" монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, опера және балет театры, Ақорда және тағы басқалар. Мұнда өте әдемі көшелер бар. Сондай-ақ, өткен жылы мұнда "expo 2017"ашылды. Бұл қала өте тез дамып келеді. Қазір бұл Қазақстанның астанасы. Осы жазда Елорда күнін атап өтті. Ол 6 шілдеде өтті. Астана әрқашан көз қуантып, өте әдемі мереке жасады. Ол соншалықты әдемі және ерекше болды, әртүрлі елдерден келген адамдар осында арнайы келді. Менің ол көп процветала. Мен бұл қаланы жақсы көремін.
4,8(13 оценок)
Ответ:
вера571
вера571
30.03.2020

Қазақстан қорықтары.

Еліміздегі қорықтар жайлы айтпас бұрын алдымен «қорық» сөзіне анықтама беріп көрейік. Сөздікке сүйенер болсақ, «қорық дегеніміз – толығымен пайдаланудан алынып, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл жиынтығымен қоса, осы қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ». Қорықтардың басты мақсаты мен міндеті – осы қорық аумағында тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін осы қалпында сақтап, табиғи құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеп, жойылып бара жатқан түрлерді қалпына келтіру. Қорықтарда серуендеуге тыйым салынған, бұл - ғылыми әрі мемлекеттік маңызы бар мекеме.

Қазақстан Республикасының аумағында он қорық бар.

1. Ақсу-Жабағылы қорығы – еліміздің аумағында  1926 жылы ең алғаш болып ашылған қорық. Бұл қорық Түркістан облысы және Жамбыл облысында орналасқан.

2. Наурызым қорығы 1931 жылы Қостанай облысының аумағында құрылған.

3. Алматы қорығы – бұл қорық та 1931 жылы Алматы облысында құрылған болатын. Жер көлемі 71700 га.

4. Барсакелмес қорығы Қызылорда облысында 1939 жылы ашылған.

5. Қорғалжың қорығы 1968 жылы Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында ашылған болатын.

6. Марқакөл қорығы – еліміздің шығысында орналасқан қорық. Құрылған жылы – 1976 жыл.

7. Үстірт қорығы – еліміздің батысында, атап айтқанда Маңғыстау облысында орналасқан. 1984 жылы ашылған.

8. Батыс Алтай қорығы - 1992 жылы Шығыс Қазақстан облысы аумағында құрылған қорық.

9. Алакөл қорығы – Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан 1998 жылы ашылған қорық.

10. Қаратау қорығы – Қазақстандағы ең «жас» қорық саналады. Құрылған жылы – 2004 жыл, Түркістан облысында орналасқан.  

Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады.  Дегенмен мамандардың айтуынша бұл Қазақстанның ұлан байтақ территориясына жеткіліксіз, сондықтан болашақта тағы 15 қорық құру жоспары бар.

4,4(71 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ