М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
дима2855
дима2855
06.08.2022 10:02 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему еуразия на казахском

👇
Ответ:
DanIEL982
DanIEL982
06.08.2022
Географиялық сипаттамасы[өңдеу]

Ауданы 53,3 млн. км² (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км²-ге жуығы аралдар. Еуразия екі дүние бөлігінен — Еуропа мен Азиядан тұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта теңізіне шығады. Біртұтас құрлықты Еуропа және Азия дүние бөліктеріне бөлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі түсінік. Құрлықтың қиыр шеттері: солтүстігінде —Челюскин мүйісі (77º43’ с.е. ), оңтүстігінде —Пиай мүйісі (1º16’ с.е.), батысында Рока мүйісі (9º34’ б.б.), шығысында —Дежнев мүйісі (169º40’ б.б.) Солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км-ге, батыстан шығысқа 16 мың км-ге созылады. Еуразияға жататын бірқатар аралдар құрлықтан біршама қашық жатыр. Шпицберген, Франц Иосиф жері және Солтүстік Жер аралдары 80º с. е-тен әрі асады. Малай топаралдары оңтүстік жарты шарға өтіп, 11º о.е-ке дейін барады. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 28º б.б-та орналасқан. Еуразия — барлық мұхиттармен (Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді, Тынық) және олардың шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Мұхиттар мен теңіздер құрлыққа сұғына кіріп, әсіресе, оның батыс және оңтүстік шеттерін көбірек тілімдеген. Бірақ аумағының орасан зор болуына байланысты құрлықтың ішкі бөліктері теңіздер мен мұхиттардан мыңдаған км қашықта орналасқан.

4,6(76 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Polinadonut
Polinadonut
06.08.2022

Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші - бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, к...н қыздырып алып, өзін бір ғана азық қылайын деп жүр.

4,6(79 оценок)
Ответ:

Объяснение:

Деректі зат есімдер: Қазақстан, астана, президент, Н. Назарбаев, Азия, шаһар, "Алматы", "Сарыарқа", "Байқоңыр", "Есіл", аудандар, орталық, қала, тұрғын үй, іс-шаралар, жарыстар, құрылыс, құрылыс компаниясы, ғимарат, "Бәйтерек" кешені, бойтұмар, символ, "Аялы алақан" композициясы, окенариум "Думан", "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры, "Қазақстан" концерт залы, "Қазақ елі" монументі, "Астана-арена" жабық стадионы.

Дерексіз: заман, идея, мәртебе.

Сөйлемдер:

1. Қазақстанда президентіміз Н. Назарбаев бастауымен жаңа астана бой түзеді.

2. Ол Азияның біраз елдерінде, шаһарларында болып қайтқан саяхатшы.

3. Астанамызда "Алматы", "Сарыарқа", "Байқоңыр", "Есіл", аудандар бар екенін білесің бе?

4. Қаланың орталығынан тұрғын үй алу аса қиын.

5. Іс-шаралар мен жарыстарға белсене қатысатын оқушы еді.

6. Ғимарат құрылысы басталып кетті.

7. Құрылыс компанияның мәртебесі асқақтап тұр.

8. Нұр-Сұлтанның символы, бойтұмары "Бәйтерек" кешені, "Аялы алақан" композициясы, окенариум "Думан", "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры, "Қазақстан" концерт залы, "Қазақ елі" монументі, "Астана-арена" жабық стадионына экскурсия болып өтті.

9. Заман ағысына ілесе аламыз ба?

10. Оның идеясы ұшқыр екен.

4,6(90 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ