1. Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең – атаң қымбат, Аймалайтын – анаң қымбат, Асқар тауың – әкең қымбат (Қазыбек би) . 2. Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді. 3. Жауда қалған бұлбұлдан Отанға кайтқан ит артық. 4. Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды. 5. Отан елдің анасы, Ел ердің анасы. 6. Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді. 7. Отан от басынан басталады. 8. Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық. 9. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. 10. Отансыздың оты жанбайды. 11. Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың. 12. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес. 13. Отан үшін отқа түс – күймейсің, Арың үшін алыссаң – өлмейсің. 14. Отаны бірдің жүрегі бір, Жүрегі бірдің тілегі бір. 15. Отанын сатқан оңбас. 16. Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды. 17.Отаның тыныш – сен тыныш.
Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне атауы –Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. XII ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Түркістанға 1500 жыл. Яссауи – ортағасырлардың ерекше сәулеті болып табылады.Керемет орналасуы және әдемі мозаика суреттермен апталған қоршау. 1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын Хазрет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Яссауидің арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы –Яссы болатын. XIV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған соң атақты болды.