Шетелдіктер киіз үйді өз мақсаттарына қарай пайдаланып жүргендігі туралы мəлімет.
Киіз үйді АҚШ-тағы жұрттың көбі баспана ретінде қолданады, кейбірі медитация жасауға ыңғайлы орын деп біледі.
Азаттық тілшісі 30 жыл бойы киіз үй жасап, оны АҚШ-та сатып, орнатып берумен айналысып жүрген компанияның ісімен танысты.
Colorado Yurt Company компаниясы моңғол үлгісіндегі киіз үйді «бір-екі күннің ішінде оңай тігілетін, экологиялық таза баспана» ретінде сипаттайды. Компания «Киіз үйдің ағаштан жасалған бөліктері мәңгі қызмет етіп, ал матадан жасалатын жоғарғы бөлігі киіз үй тігілетін жердің климаты мен күн қызуына қарай 8-15 жылға шыдайды» деп кепілдік береді.
Киіз үйдің ішіне электр жарығын тартып, пеш орнатып, жатын бөлмені қабырғалармен бөліп, әжетхана, ас бөлмесін жабдықтауға болады.
Қазақстандықтар жаппай тойларын қымбат мейрамханаларда өткізіп әлек болып жүргенде, Англия тұрғындары, керісінше қазақтардың қарапайым киіз үйінде жаз кезінде үйлену тойларын өткізуді сәнге айналдырған деп хабарлайды NUR.KZ порталы yvision.kz-ке сілтеме жасай отырып. Үйлену тойына арналған киіз үйлерді Уэльс шеберлері әзірлейді. Материал ретінде жергілікті ормандардағы шырынды талшан ағашын қолданады.
Менің өз замандастарыма көзқарасым, қатынасым қандай, олар маған ұнайды ма, жоқпа- деген сұраққа біржақты жауап бере алмаймын. Бір жағынан мен өз замандастарымды ұната қоймаймын, екінші жағынан құрметтеймін. Ұнатпайтыным- алдыңғы буындағыларға қарағанда жан байлығы аздау сияқты, ұнататыным- олар жаңа технологияларға тез үйренеді, күрделі ақпараттарды тез қабылдайды. Қазіргі ұрпақтарды алдыңғылармен салыстыра отырып, қазір байлар мен кедейлерге бөліну қатты білініп тұр деуге болады, бұл жаман. Қарама қарсы топтағы екі адам бір-бірін түсінбейді, олар тек өте қажет жағдайда ғана араласуы мүмкін. Менің көзқарасымда менің замандастарыма тәрбие жетіспейтін сияқты. Олар көпшілік жағдайда өздерін ешқандай кедергілер мен шектеулер жоқтай ұстайды. Көпшілік -қазіргі жастар қайырымсыз деп есептейді. Бұны мен былай түсіндіремін, қазір бәрі интернетке кіре алады, ал интернет кейде адамның психикасын бұзады. Ертеде адамдар бұндай ақпараттан қорғалған еді. Қатыгездіктің тағы бір түсініктемесі- киноэкрандарда, жалпы ақпарат құралдарында, компьютерлік ойындарда: қатыгездік бір шектен шығушылық емес, күнделікті қалыпты әдетке айналуда. Мен барлық ұрпаққа бірдей мінездеме беру дұрыс емес деп ойлаймын, әр адам өзінше ерекше. Біз ұрпақ туралы жалпы айтқанда әр түрлі адамдарды қосып жібереміз, мейірімділер мен қатыгездерді, салмақтылармен жеңіл ойдағыларды, ақылдылармен онша ақылды еместерді. Адамзат мыңдаған жылдардан бері өсіп, дамып келеді және барлық заманда ұқсас сынақтардан өтеді, сонда да әркезде бір тырманы басады. Сатқындық, жалқаулық, махаббат-бұның бәрі жаңалық емес. Айырмашылық тек қоршаған жағдайда. Жағдай өзгерсе- адамдар қарым-қатынасы өзгереді. Мысалы: біздің ғасыр, жоғарғы технологиялар ғасыры, адамдар қатынасына көп өзгеріс енгізді: біз бір-бірімізге қонаққа аз барамыз, балалармен жасөспірімдер аулада ойнамайды. Осының нәтижесінде, бір-бірімізбен қатынасымыз бізден бұрынғылардан өзгеше.
Олимпиада ойындары ежелгі а ң өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған.І