Биылғы жылда жазғы демалыс уақытында мен ата – анаммен Түркияның ежелгі қалаларының бірі Аланияға бардым. Ол жақта маған беймәлім тілдерде сөйлейтін өте көп шетелдіктерді көрдім.
Біз отбасымызбен қонақүйде тұрдық. Ол жерде жылы сулы және бұралаң су төбешігі бар бассейн болды. Ал оның жанында сәбилерге арналған таяз бассейн болды. Қайда қарасам да, жан – жағымда пальмалар, кактустар, банан, қарбыз, қауын плантациялары және маған беймәлім тікенектер өсіп тұрды.
Қаланың өзі ежелгі қамалдарымен, тар бұралаң көшелерімен есімде қалса, жабыңқышпен жабылған шатырлы үйлері қаланың көркіне көрік қосып тұрды. Бұл қаланың көшелері мен теңіз жағасында серуендеп жүріп, тонап алған қазыналарын осында тықпақшы болған нағыз теңіз қарақшылары мінген кеме пайда болатынын елестеттім.
Түркияның күні әрі ыстық, әрі жайлы, ал Жерорта теңізі - ащы, көгілдір, ұшы – қиыры жоқ, әдемі әрі биык толқынды. Күнның ыстығы басылған кезде теңізде көп шомылып, ойнадым. Осындай жылы, романтикалық кештерде мен ата – анаммен теңіз жағасында серуендеп, теңіз шуын тыңдап, күннің батуын тамашалайтынмын.
Кешке жақын Түркия түрлі түсті от шашулы алмаспаға айналатын. Әрбір қонақүйде түрлі түрік әуендері қосылып, балалар мен ересектерге арналған түрлі қойылымдар ұйымдастырылатын.
Түркиядағы көңілді жазғы демалысым маған қатты ұнады.
1-кг сары сәбіз
2-3 бас пияз
1-кг күріш
Пісте майы шамалап
250-300 гр қой еті
Тұз
Зіре дәм беруші
Бояу
Алдымен қазанға май құйып қыздырып, етті турап саламыз. Жақсылап қуырып болған соң, үстіне пияз саламыз. Оны да жақсылап қуырып, ендң сәбізді салып қуырамыз. Біраздан кейін үстіне су құямыз. Орташа отта бұрқылдатып қайнатамыз. Күрішімізді жуып, суға салып жібітіп қоямыз. Қазанға тұзымызды салып, дәміне қараймыз. Күрішімізді салып бетіне зіре бояуымызды саламыз да суы тартылған соң, демдеуге көшеміз. Демдер кезде аздап су құямыз. От орташа болуы тиіс. 15-20 минутта асымыз дайын болады.
Міне, бұл нағыз өзбек палауының пісірілуі. Ескерту: пісте май көп болса палау майлы әрі дәмді болады. Асыңыз дәмді болсын!