Ұлыстың Ұлы күні Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен байланысты концептуалды ұғымдардың бірі. Ұлыстың ұлы күні деген сөз орамындағы Ұлы күн, Жылдың бас күні. Ең абзал, ең мәртебелі болып ұғынылғандықтан қазақтар Ұлы күн деп атаған. Ал ұлыс сөзі жұрт, ел, халық білдіретін жиынтық ұғымның атауы. Ұлыс оң болсын дегендегі ұлыс осы аталған мағынаны білдіреді. Қысқасы, сөз бір-бірімен байланысып, тіркесіп барып «Наурыз» мейрамы дегенді білдіреді. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақта Наурыз деген кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай «Ұлыс күні» деп, Ұлыстың ұлы күні деп кеткен. «Ұлыс» - Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» - дейді.
Наурыздама тойы – «Наурыз» мерекесіне қатысты негізгі ұғымдардың бірі, наурыз көжеден басқа. Әдетте, ел ішіндегі аса бай, дәулетті адамдардың наурызды той қылып өткізуін наурыздама дейді. Наурыздама тойы бір аптаға созылып, сегізінші күні тойға келгендер тарай бастайды. Арқа еліндегі дәулетті Тәтидің наурыздама тойын өткізген деп, арғынның атақты биі Едігені жүз кісісімен күткендігі жөнінде Мәшһүр Жүсіп жазбаларында мынадай дерек бар: Сіз бір жақтан бір жаққа бара жатқан жолаушы емессіз, әдейін наурыздама қылдыра келдіңіз! Ұдайымен сегіз күн қылмаған соң, мұның қылуға не сәндігі бар?! – деп, сегіз күн күтіп, сыйлап, бір күнінен бір күнін асыра беріпті.
Тәти мырза алдырған түлкілерінің ішінде бір қара түлкісі бар, наурыздаманың үстінен келіп қалыпты. Қара түлкі алдырып келгеніне бір қуанып, «Наурыздама қылдырамын!» - деп, Едігенің келгеніне қуанып:
«Бұл наурыздама Баяудікі болды. Мен ұрғашы наурыздамасына ортақтаспаймын!» - деп, басы Едігенің өзіне түйе бастатқан тоғыз, онан кейінгісіне: біріне ат, жүз кісіден бір кісіні құр қойған жоқ. Ең аяқ атшыларға бір-бір матадан үлестіріп: - Міне, менің наурызым! – деп, сый қылыпты.
Міне, сондай жақсы күнде тасып кетіп алған дуа ұрпағынан Шорман шығып, Мұса шығып, байлық, беклік таласа қоса шығып, жалпақ Сүйіндікке құт ауыл, ұйытқы ауыл болып тұр. Бұл күндегі пәленшекем, түгеншекемнің пейіліне қарағанда, тағалы торы тай ұстап тұра алмайтұғын пейіл бар. Атасына, бабасына тиген осы екен. Оңған, ілгері басқан біреуді: «Шіркін атасына, бабасына дуа тиген тұқым ғой!» - дейді.
Халықтың Наурыз мейрамындағы салт-ғұрыптардың бір алуаны табиғатпен «тіл табысу», оны қасиеттеу мағыынасында болса, енді бір алуаны адамдар арасындағы этикалық-моральдық қатынастарды реттеу, нормаларын нығайту, жолға қою мақсатына бағытталады. Жүректе // көңілде өткен күннен дақ, реніш, өкпе-қалдықтың қалмауы, бұларды дер кезінде жүректен // көңілден кетірмесе, аяғы араздыққа, дау-жанжалға, қатыгездік пен қастандыққа апарып соқтырады. Сондықтан Наурыз мейрамында кешірім сұрау, кешіру тәрізді адамгершілік акциясы өткізілген. Мұның өзі жүректі таза ұстау, кір шалырмаудың халық ұғымында соншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы. РПК «СЛОН», 2013. 4-том. 489-490-бет.
Көкшетау– Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Көкшетау Қопа көлінің жағасында орналасқан, Көкшетау үстіртін алып жатыр, оны геологтар Көкшетау үйіндісі деп атайды және оның «Қазақ Швейцариясы» деген ақындық аты бар.Көкшетау– таза, әдемі қала. Егер қаланың оңтүстік батыс жағында орналасқан төбеге шықсақ, көз алдымызға керемет бейне көрінеді: батыста көлдің су айдыны мен жағажай алқабы, солтүстік шығыста жазықтық, ал оңтүстікте төбелер бар.Демалыс пен туризмҚаланың оңтүстік шығыс жағында Бурабай көлі бар, оның жағасында келушілерге ыңғайлы көптеген сауықтыру және туристік объектілер бар. Бұл жерде сізге ұлттық тағамның түр түрін және атпен серуендеуді ұсынады. Таудың енсіз жолдарымен Бурабай көлінен Шабақты көліне түсуге болады, бұл жерде турист жабайы табиғат жағдайында ұмытылмас демалыс жасауына болады: шатырда ұйықтау, тау бұлағына жуыну, отта өзіне тамақ әзірлеу.Бүгінгі қалаҚазір қалада 2 мыңнан астам түрлі меншіктегі әртүрлі өнеркәсіп жұмыс жасайды. Олардың кейбіреулері белсенді қызмет атқарады және қала ішінде, сонымен қатар Қазақстанның сыртында үлкен беделге ие. Қалада жекеменшік кафе, дүкен, шаштараз, бөлімшелер жұмыс жасайды. Қазақстанның ірі банкілерінің филиалдары қызмет атқарады.1996 жылдың маусымында үш ЖОО негізінде – педагогикалық, ауыл шаруашылық және политехникалық – ғалым-энциклопедист Ш.Уәлиханов атындағы университет ашылды.Қаланы көгалдандыру қала тұрғындарының қамқорлығында. Келешекте жалпы қолданыстағы жасыл көшеттердің ауданы бір тұрғынға шаққанда 21 шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланған (қазіргісі 7,7 шаршы метр). Мамандар жасанды тәлімбақты құру мәселесін қарастыруда.Пайдалы сілтемелер (дерекнама)