Біз тәуелсіз егеменді елміз. Тәуелсіз және егеменді елдің мақсаты және міндеті – тәуелсіздікті мәңгі сақтап қалу. Ол ушін не істеу керек? Ол ушін біздің ұлттық рухты нығайтып, әдет- ғұрып пен дәстурді сақтай отырып, қазақстандық патриотизмді дамыту керек. Осы жерде әрине, Елбасының «Мәнгілік ел» идеясы манызды орын алады. Әрине, қазіргі Қазақстан ұлттық біркелкілік пен мәдени тұтастықты, дербестікті қалыптастырған мемлекет, бірақ «Мәнгілік ел» идеясы саяси, әлеуметтік-экономикалық егемендік пен қатар рухани тәуелсіздікке жетуді көздейді. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Қыз қадірлі қонақ,- деп неге айтылған?
Ол қазақ халқының қызға деген құрметінің белгісі.
Сонда қыз өзінің үйіне өзі қадірлі қонақ па?
Ия, солай.
Толығырақ түсіндірші, неге ол өз үйіне қадірлі қонақ болуы керек?
Себебі, қыз бойжеткен соң өз отбасымен қоштасып, басқа отбасына келін болып кетеді, ертеде отбасын, ата-анасын бірнеше ай немесе жыл көрмейтін кездірі болған.
Сондықтан қыз баланы қатты қадірлеген бе?
Ия,сенде осы бастан қыз баланы сыйлап, қадірлеуді үйренгенің жөн.
Түсінікті, есте болсын.