Объяснение:
Паскаль Заңы - осылай дейді:
Тепе-теңдік күйде жатқан сұйық не газға әсер етілген қысым сол сұйық не газдың кез келген нүктесіне барлық бағыттарға бірдей таралады
Бұл заң француз философы Блез Паскаль есімімен аталынған, бірақ та осы заңды Г.Б.Бенедитти (1530-1590) мен Симон Стервин (1548-1620) екеуі 1586 дәлелдеген.[1] Осы заң сұйық не газ қозғалып жатқанда, бұл заңға сүйенуге болмайды, сондықтан гидродинамика теңдеулерін қолдану керек, сонымен қатар сұйық не газға гравитациялық өріс әсер еткенде, Паскаль заңы қолданылмайды, себебі биіктік өзгерген сайын сұйық пен газдардың қысымы өзгереді екені мәлім.
Объяснение:
Мінездеме
Аян-Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі.
Есікбай-сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Аян алғаш рет келген кезде, Аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді.
Тұржан-өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз адам, жағымсыз кейіпкер
Сайын Мұратбеков- ақкөңіл,мейірімді, Аянның жақын досы
Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы туралы өз пікіріңді айту. ("ПОПС" формуласын пайдалану арқылы).
1. Менің ойымша, Ұлы Жібек жолының ерекше маңызы болды. Ұлы Жібек жолы тек тұтыну тауарларын ғана жеткізіп қойған жоқ, сонымен қатар ол рухани мәдениеттің тірегіне айналды. Ол әсіресе музыка, би өнерінде ерекше байқалады. Ұлы Жібек жолының ең ұзақ бөлігі Орта Азия мен Қазақстан территориясы арқылы өтті.
2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін: сол кезде сауда – саттық жақсы дамып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Адамдар, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық – түлік және басқа да заттармен алмасты.
3. Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саяси, экономикалық, мәдени жағынан дамыды. Мысалы, сол тұста Тараз қаласы «саудагерлер қаласы» деп аталды. Себебі Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары, наубайханалары мен шеберханалары сауда жолында орналасқан болатын.
4. Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: Ұлы Жібек жолы - дүниежүзілік өркениет тарихының басты жетістіктерінің бірі. Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты байланыстырған трансконтинентальды трасса болды.