Мейрамбек: Сәлем, достым! Қалың қалай? Денсаулығың қалай? Жақсы болдың ба?
Еркебұлан: Сәлем, Мейрамбек! Рахмет, қазір жақсы болдым. Өткен аптадан бері қатты қызуым көтеріліп, мазам болмай, төсекте жатып едім.
Мейрамбек: Жақсы болғаныңа қуаныштымын.
Еркебұлан: Рахмет, тек өкініштісі сендермен бірге табиғат аясындағы серуенге бара алмадым... Қалай болды, қызық болған шығар?
Мейрамбек: Ия, өкінішті – ақ. Бірақ ең бастысы оңалып кеттің, әлі талай серуенге шығамыз ғой. Жалпы серуен өте жақсы ұйымдастырылып, өте қызықты өтті. Оқушылар толықтай уақытында жиналып, арнайы автобуспен үш мұғалім, медбике және дене шынықтыру мұғалімі бізді серуенге апарып, алып келді.
Еркебұлан: Медбике апайдың барғаны дұрыс болыпты.
Мейрамбек: Ия, бірақ ол кісінің көмегіне ешкім жүгінбей, аман – есен барып келдік.
Еркебұлан: Қашан қайттыңдар?
Мейрамбек: Таңертең барып, түстен кейін қайттық. Әрқайсымыз үйден тіскебасар мен ішетін сусын, жеміс – жидектер алып барып, соларды жедік. Түрлі ойындар ойнадық, серуендеп, біраз суретке түстік. Уақытымыз өте жақсы әрі денсаулыққа пайдалы өтті. Гүлбану апай осындай серуендер әлі талай ұйымдастырылатынын айтқан болатын.
Еркебұлан: Келесі серуенге бұйыртса, мен де барармын.
Жас сиқыршы Малефисента фантастикалық жаратылыстар қоршалған сиқырлы орманда жалғыз өмір, бастаған, бірақ бір күні бәрі ... Оның әлемдік жойылуын және хаос әкелді адамдар тарапынан шабуыл, және Малефисента өз халқы үшін тұруға мәжбүр болды, қуатты қара күштер шақырып отыр өзгерді. шайқас Малефисента жылу жылы патшаның туған қызы, сұлу Aurora туралы қорқынышты қарғыс салды. Бірақ, өсіп келе жатқан кішкентай ханшайым ретінде көріп, Малефисента оның іс-қимыл дұрыстығын күмән бастайды - шын мәнінде, Aurora сиқырлы орман патшалығына жаңа өмір дем алады, бәлкім, бұл.
Жиренше шешен (туған-өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (15 — 16 ғ-лар) — қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын құруда ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі 15 — 16 ғ-лардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуінен өткен ортақ мұраға айналып кеткен. Жиренше шешен туралы аңыздарда оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар фольклорында да Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі.
Табиғат аясына саяхат туралы диалог құрастыру.
Мейрамбек: Сәлем, достым! Қалың қалай? Денсаулығың қалай? Жақсы болдың ба?
Еркебұлан: Сәлем, Мейрамбек! Рахмет, қазір жақсы болдым. Өткен аптадан бері қатты қызуым көтеріліп, мазам болмай, төсекте жатып едім.
Мейрамбек: Жақсы болғаныңа қуаныштымын.
Еркебұлан: Рахмет, тек өкініштісі сендермен бірге табиғат аясындағы серуенге бара алмадым... Қалай болды, қызық болған шығар?
Мейрамбек: Ия, өкінішті – ақ. Бірақ ең бастысы оңалып кеттің, әлі талай серуенге шығамыз ғой. Жалпы серуен өте жақсы ұйымдастырылып, өте қызықты өтті. Оқушылар толықтай уақытында жиналып, арнайы автобуспен үш мұғалім, медбике және дене шынықтыру мұғалімі бізді серуенге апарып, алып келді.
Еркебұлан: Медбике апайдың барғаны дұрыс болыпты.
Мейрамбек: Ия, бірақ ол кісінің көмегіне ешкім жүгінбей, аман – есен барып келдік.
Еркебұлан: Қашан қайттыңдар?
Мейрамбек: Таңертең барып, түстен кейін қайттық. Әрқайсымыз үйден тіскебасар мен ішетін сусын, жеміс – жидектер алып барып, соларды жедік. Түрлі ойындар ойнадық, серуендеп, біраз суретке түстік. Уақытымыз өте жақсы әрі денсаулыққа пайдалы өтті. Гүлбану апай осындай серуендер әлі талай ұйымдастырылатынын айтқан болатын.
Еркебұлан: Келесі серуенге бұйыртса, мен де барармын.
Мейрамбек: Әрине!