15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күні ретінде мереке болып аталып келеді. Бұл күнді атап өту туралы бастама 1999 жылы көтерілген болатын. Аталған мереке ХIV-XV ғасырлардағы Қозы Көрпеш –Баян сұлу махаббатарының символы ретінде аталып өтіледі.
Биыл Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік филормонияда ғашықтар күніне орай "Екі ғашық" атты эстрадалық концерт ұйымдастырылды. Мерекелік концертте отандық махаббат әндері мен халық әндері ұсынылды. Концертте ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Майра Нүркенова, Қияқбай Асамбаев, Азамат Жылтыркөзов, "Мәдениет қайраткерлері" Естай Мұқашев, Майра Дәулетбақ және ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлзира Бөкейхан тағы басқа елімізге белгілі әншілер өнер көрсетті.
Әрбір ата-ана баласының жақсы бойжеткенін, қабілетті, талантты,ізденімпаз болып өскенін калайды.Ең бастысы «баламыз нағыз адам болса екен»-дейді. Өйтені ата-ананың бас қуанышы-бала. Кішкентай сәбиге өмір беретін- ата-ана. Балаға ата-анасы бар махаббатын төгіп, аялап тәрбие береді.Біздің отбасымызда ата-ананы, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола білуге, өз отбасымыз жайлы жақсы істерді айтуғ үйретеді. «Тәрбие отбасынан басталады» дегендей, бізді ата-анамыз адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді, ал жаман қасиеттерден аулақ болуға үйретеді. Сондықтан мен барлық балаларға отбасы татулығын тілеймін. Отбасы жеке тұлғаны дамытатын кішігірім орта. «Ұяда не көрсең, ұшқанда сны ілесің» дегендей, отбасында баланы жақсы тәрбиелесе, өскенде ол әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасындағы жағымды қарым-қатынас жасау өзара сыйластыққа тәрбиелейтіні сөзсіз.
Қазақ батырлары туралы.
Ел тағдырын бәрінен биік қойған, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни, олар ұлттық тұлға болған. Осы ұлттық тұлға тұғырына көтеріліп, аты аңызға айналған, тарихта есімдері қалған, келер ұрпаққа үлгі болатын сан мыңдаған батырлар бар.
Қазақ ұлтының бағына орай әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалып, көптен аңсаған Тәуелсіздікке де қол жеткізіп, Қазақ елі жаудың қолында кетпеді. Осылайша, ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын казіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Бүгінде есімдері тарихқа алтын әріптермен жазылған Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бір төбе болса, тағы да осылардың қатарында бір шоғыр қазақ батырларының: Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай сынды ақберендердің есімдері де айрықша жарқырап көрінеді. Қай-қайсының болмасын өзіндік ерекше орны бары анық, халық оларды ерекше құрметтеп, ән мен жырға қосқан. Ендігі біздің міндетіміз - осы батырлар бізге аманаттап қалдырған бейбіт еліміздің Тәуелсіздігін тұғырлы етіп, одан әрі көркеюіне үлес қосу.