Қою әріппен жазылған сөздердің аудармасы:
Құрмет - уважение;
сыпайылық - вежливость;
əдептілік - воспитанность;
құрметтегені - уважать;
тəрбиенің белгісі - знак воспитанности;
апарысады доносить
алғысын айтады - благодарит.
Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі. Яғни, жалқы есімдерге
1) кісі аттары;
2) мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары;
3) ұйым, мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары;
4) жер, су атаулары;
5) газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма аттары;
6) жылқыға, сиырға, түйеге, итке, т. б. хайуанаттарға қойылатын аттар.
Мәтіндегі жалқы есім: Әлібек.
Жалпы есім— бірыңғай заттар мен құбылыстардың жинақты атауларын білдіретін зат есімдер: адам, қала, өзен, көл, сағат, отын, су, сана
Мәтіндегі жалпы есімдер: адамдар, құрмет, сыпайылық, әдептілік, кішілер, үлкендер, үлгі, қасиет, бала, үй, ата, әже, әке, ана, мектеп, мұғалім, тәрбие, белгі, ақыл, істер, сөз, көше, көмек, автобус, сөмкелер, алғыс.
Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би - болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876 - 1978 ж. Қоңыр - Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп - жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.