Қалмақан Әбдіқадыров (15.4.1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30.4.1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы.Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді[1]. 30-жылдарда өлеңді өндірте жазып, “Екпін”, “Шахтер”, “өлеңдер” жинағын баспадан шығарды.[2] Ақынның 1935 — 51 ж. аралығында жазған “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары нақты өмір шындығынан алынып, қазақ азаматтарының ерлігі мен өнегелі істерін бейнелеуге арналған. Әбдіқадыровтың “Қажымұқан” повесі 1954, 1956, 1959 ж. қайта басылды, 1970 ж. орыс тілінде жарық көрді. “Алатаудың бауыры” (1935), “Амантай” (1936), “Тапқыш” (1937), “Тәтті қауын” кітаптары республикада балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. “Серт” жинағына 1941 — 45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда жүріп жазған өлеңдері топтастырылған.[3]
Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фердоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В.М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет —1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен, марапатталған.
-О, сәлем Мадина! Қалың қалай?
-Жақсы, өзің?
-Менде бәрі жақсы!
-А айтпақшы Асқар маған сенің көмегің керек еді
-Иә тыңдап тұрмын, айта бер
-Апай маған Қазақстандағы сирек кездесетін аңдарды жаз деп тапсырма беріп еді. Ал мен интернеттен ештеңе таппадым
-Ааа, солда сөз болып па?
-Сен өзің іздемеген соң саған ол түкте емес қой!
-Жоқ жоқ, о недегенің, керісінше маған осында мағлұматтар қатты ұнайды. Өзімде осыдан 1 апта бұрын таппай жүр едім, маған бір досым жақсы мағлұмат берді
-Ол қандай мағлұмат?
-Қызыл кітап
-Ааа? Ол қандай кітап тағы?
-Ол кітапта Қазақстандағы сирек кездесетін жануарлар мен олардың мекендейтін жерлері мен олар тцралы мағлұматтар өте көп!
-Жақсы! Раxмет саған Асқар! Енді апайдың тапсырмасын орындай алатын болдым!
-Оқасы жоқ! Сау бол!
-Сау бол!