Кешіріңіз, теміржол вокзалы қайда екенін көрсете аласыз ба?
Балам, вокзал келесі көшенің соңында орналасқан.
Сізге көп рахмет, сау болыңыз.
Сен жол жүрмекшісің бе, қазір сапар шегу дұрыс емес қой, үйде отыру керек.
Жоқ, жәй сұрағаным ғой.
Анықтама бюросы неге жабық екен?
Ол бүгін жұмыс істемейді.
Билет сататын кассаларда жұмыс істемейді ме?
Ия, бәрі жұмыс істемейді.
Онда, енді не істейміз?
Жол жүрмейсіз, үйде отырып демалу керек.
Бұл жерде тексеру бекеті жоқ па?
Бар, міндетті түрде тексеріліп өтесіз.
Сізге кіммен кездесу керек еді?
Жолсерік досым келуші еді.
Жолаушылар жүрмейтін болды ғой, ол туралы барлық газет- журналдар, телеарналар, бүкіл БАҚ хабарлауда, сондықтан досың келмейтін болар.
Ия, телефонмен қоңырау шалып сұрармын, сізге рахмет, сау болыңыз.
Объяснение:
Объяснение:
Пунт жері (мысыр. Pwn.t, сонымен қатар Та-Неджер немесе Та-Нехер - t3-nṯr, яғни «Құдайлар елі») - Шығыс Африкадағы ежелгі египеттіктерге белгілі аумақ.
Пунт Египетке қара ағашты, хош иісті заттарды, оның ішінде ладан (тишептер, ичмет, гесаит), қара көз бояуы, піл сүйегі, қол маймылдары, алтын, құлдар мен жануарлардың экзотикалық терілерін жеткізуге жабдықталған көптеген египеттік экспедициялардың бағыты болды. Египеттен әкелінген тауарларға айырбастады. Пунтадан жеткізілген ең маңызды тауар - бұл діни рәсімдерге арналған мирра, сондай-ақ мирра ағаштары. Әсіресе, әйел-перғауын Хатшепсуттің экспедициясы үлкен даңққа ие болды.
Кейбір ежелгі Египет дереккөздері Пунт мысырлықтардың ата-бабасы және Египет құдайларының бесігі болғандығын тікелей көрсетеді [1]. Кейбір 19 ғасырдағы египеттанушылар, мысалы Уоллис Бадж және Флиндерс Петри өзінің «әулеттік нәсіл» тұжырымдамасымен Египет өркениетінің шығу тегі немесе оның билеуші элитасы осыдан шығарды.
Ежелгі Египет фольклоры мен мифологиясында пант туралы жиі айтылды. Шамамен XII династиядан басталған ежелгі египеттік «Кеме апаттары туралы әңгіме» Пунт патшалығына бара жатқан жолда кеме апатына арналған.
«Пунт» атауы көршілес Сомалиланд, Пунтлендтің үлгісімен 1998 жылы автономия жариялаған солтүстік-шығыс Сомалидегі сепаратистік аймақ атауына енгізілді.
Ең жақын досым бос уақытын қалай өткізеді?
Менің досым сабақтан бос уақытын өзінің сүйікті хоббиіне арнағанды ұнатады. Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.
Досымның сүйікті хоббиі - сурет салу. Сурет салумен ол үш жасынан бастап айналысады. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барады. Арманның пікірінше, сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандайды.
Сурет салуға бар бос уақытын арнап, талантын шыңдауға тырысады, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындайды.
Қаладағы көркемсурет галереясының бірде бір көрмесін жіберіп алмай, міндетті түрде барып тұрады, себебі белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары ешкімді де бейжай қалдырмасы анық, әрі осы арқылы рухани азық алып, сусындауға болады. Сонымен қатар қазіргі таңда аса танымал болған шеберлік сабақтарына қатысып, бұрын білмеген нәрселерімді үйренуге тырысады.
Алдына мақсат қойып, болашақта аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандайды.