Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.
Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.
Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» - танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жерінің үлкен болуы сонша, ұзындығы екі-үш километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады. Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен
Саябақты ұйымдастырудың мақсаты ретінде бірегей табиғат кешенін сақтауды, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды, азайып бара жатқан әрі сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтап қалуды және экологиялық туризмді дамыту саясатын атауға болады.
(Өзім құрадым) Сұрақтар:
1. Ол өзінің қаранғы қазақ көгіне өрмелеп кім болам деген?
2. Осы жерде қазақ халықының, қиын кездері көрсетілген.Ол осы кездерде қазақ халқы қызығын көруге не істейді?
3. "Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!"-деген жолдарындағы мағынасы қандай?
(Егер жауап керек болса міне) Жауаптары:
1. "Өрмелеп шығып, күн болам!"-деген.
2. Еңбек,бейнетке таратады,рақатқа сарқылайды,халық күн көруге еңбектенеді.
3. Халықтын жағдайы жоқ болғандықтан, ол оны дұрыстатуға еңбектенеді. "Мұздаған елдің жүрегін"-ел қиын жағдайында болғаны, "Жылытуға мен кірермін!"-ол өз елін барынша көмек бергісі келеді. Елі тыныш,рақатты,көңілді өмірді жасауға барынша көмек береді.