М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rdutchik
rdutchik
24.05.2022 20:04 •  Қазақ тiлi

Напишите текст на тему: "отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті"

👇
Ответ:
Отбасы — а ң өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Оқытудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру. Отбасындағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету.
Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру,күн сайын емес,сағат сайын бала оқуын, еңбегін,ойынын,жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап,жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз,өміріміздің жалғасы,сондықтан бала тәрбиесі — ата-анадан жауапкершілікті талап етеді.
Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана — баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995
Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ.Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды.Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай,олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз – балаларыңыз бен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
«Бала тәрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті»деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. «Жапырақ тамырдан нәр алады» дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана,басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса,олардың балалары да әдепті,тәбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.
Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады
4,5(23 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
konstantunzayac
konstantunzayac
24.05.2022

Аяна: - Анашым,ал кітапхана деген не?

Анасы: - Кішкентай қызым менің.Саған қалай айтсам екен...Кітапхана бұл көптеген кітаптардың қоймасы.Онда неше түрлі кітаптар бар.

Аяна: - Тіпті ертегілер де ме?

Анасы: - Әрине,ботам.

Аяна: - Ал кітапханашы деген ше?

Анасы: - Кітапханашы деген сол кітаптардың орнын жатқа білетін,кітаппен дос және сен қалаған кітапты оңай тауып беретін адам.

Аяна: - Онда мен өскенде кітапханашы болғым келеді.

Анасы: - Әрине,сеннен білікті кітапханашы шығушы еді.

Аяна: - Анашым,мен сіз алып берген барлық ертегі кітаптарын оқып бітірдім,жаттап та алдым.Енді маған үлкендер оқитын кітап оқуға бола ма?

Анасы: - Саған әлі ерте.Тағы кітап оқығың келсе,бұл жолы кітапханаға менімен бірге жүр.

Аяна: - Алақай!

4,7(32 оценок)
Ответ:
ндо
ндо
24.05.2022

не за что

Объяснение:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана, -

дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек.

Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.

Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек.

Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.

Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.

“Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.

Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.

Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!

Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, ьарлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.

4,8(14 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ