Қарқаралы таулары - ең көрікті жерлердің бірі. Кербез де, сұлу бұл тау Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық паркінің аумағында орналасқан. Жалпы аумағы 12 гектардан асады. Бұл паркте таулар тізбегінен бөлек, ағаштың сан түрі өседі, өзен-көлдер мен үңгірлер де бар. Онда сүтқоректілердің 40 және құстардың 114 түрі мекендейді. Қарқаралы тауларының айналасы ұсақ шоқылы, төбелі, жоталы таулар мен биік шоқылардан тұрады. Қазақстанның ортасында орналасқан тау тізбегіне жыл сайын 20 мыңға жуық туристтер келеді.
Уақыттың қадірін оны жоғалтқан жақсы біледі, өміріндегі ыңғайлы сәттерін қолайлы пайдалана білмей, сан рет санын соққан жақсы ұғынады.
Уақыттың бағасын дұрыс анықтап, байыбын жете түсінген кешегі өткен көп ойшыл, дана, ғалым, кемеліне жеткен қанша жан ол туралы өз өсиеттерін айтып кеткен. Уақытты тиімді пайдалана білу өзгеріс-құбылысы әп сәтте-ақ түрленіп сала беретін осы заманда тіптен маңызы артқан. Өмір ағымынан қалыс қалмай, онымен бірге аяқ алып жүру үшін, карьерамыздың қамы үшін аз ұйықтап, көп шапқылауға да мәжбүрлі жайымыз бар. Өйткені "әр минут — ақша" немесе «уақыт — ол ақша» деген түсінік бар.
«Уақыт — ақша» демекші, оның құны мен құндылығы, бағасы Уақыт (In Time)фильмінде жақсы айтылып, ұтымды жеткізілген, ИМХО).
Уақыттың қадірін уақыты өтпей тұрып түсінуді нәсіп қылсын.
Сосын уақыт хақында мынау тұста жақсы айтылған екен.