тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
1. Мен бүгін еден жудым. 2. Сен бүгін теледидар қарамай, одан да бақшаға қара. 3. Біз саябаққа бармай, одан да алаңдағы құстарға жем берейік. 4. Үйді олар жинасын, біз жинамай-ақ қояйық. 5. Сіз қағазға жазыңыз, мен қалам берейін. 6. Сен еденді жуғанша, одан да шаң сүртші. 7. Кеттік, менімен бірге жүріңдер, қой бағайық. 8. Біз бақша егейік, сендер ауданы сыпырыңдар. 9.Сен анаңды ренжітпе, айтқанын тыңда.