Очерк Николая Лескова, опубликованный в 1870 году в газете «Биржевые ведомости» без подписи под названием «Загадочный человек. Очерк из истории комического времени на Руси». Отдельное и дополненное издание появилось в 1871 году под псевдонимом Н. С. Лесков-Стебницкий: «Загадочный человек. Эпизод из истории комического времени на Руси». С письмом автора к Ивану Сергеевичу Тургеневу. Переиздано под названием «Загадочный человек» в Полном собрании сочинений Н. С. Лескова, 1889 год, т. 8, стр. 3-127.
Объяснение:
ответ: «Счастливые часов не наблюдают»
. Фразу произносит Софья Павловна, объясняя горничной, как быстро проходят ночи рядом с любимым.
«Ум с сердцем не в ладу»
. Фразу произносит Чацкий. Он объясняет ею свое состояние.
«Служить бы рад, прислуживаться тошно»
. В речи Чацкого слово служить имеет прямое значение.
Объяснение: «Горе от ума» Александра Грибоедова – самое уникальное произведение по количеству крылатых фраз. Многие стали жить отдельно. Люди, использующие их в речи, часто не догадываются, что цитируют классические строчки литературы.
Крылатые выражения из комедии «Горе от ума» можно часто услышать в речи, в каком значении их произносил герой текста. Что изменилось за эпохи?
как то так:)
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) – Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, ғұлама ойшыл, композитор, аудармашы, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартушы реформатор және қазақ руханиятын дамытушы, әділ би әрі дана шешен.
Абай бұрынғы Семей облысының, Семей уезі, Шыңғыс болысында дүниеге келген. Атасы Өскенбай атақты би атанған. Әкесі Құнанбай өз заманындағы сара сөздің саңлағы, ақыл-ой иесі болған.XIX ғасырдың ортасында Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекітілгені тарихтан белгілі. Ал анасы Ұлжан болса, шешендігімен, тапқырлығымен ел құрметіне бөленгені баршаға аян. Анасы жас Ибраһимді еркелетіп, «Абай» деп атап кеткен.
«Әке балаға сыншы» демекші, Құнанбай Абайдан көп үміт күтеді. Оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң, Семейдегі Ахмет-Риза медресесіне береді. Онда араб, парсы тілдерін үйреніп, дін сабақтарын оқумен қатар, Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Физули, тағы басқа шығыс классиктерінің шығармаларымен танысады. Медресенің үшінші жылында Семейдегі «Приходьская школаға» түсіп, онда 3 ай оқиды.
Сол кезден бастап А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, М.Е. Салтыков-Щедрин шығармаларын оқып, Гете, Дж. Байрон мұраларына ден қояды. Ол 13 жасында әке ықпалымен өз бетінше білім алуға бет бұрады. Көбінесе әкімшілік билікке араласа бастайды. Отаршыл Ресейдің қол астындағы халқының ауыр тағдырын көріп өседі. 1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіске жетіп, 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жоралғыларын, әдеп-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады. Кейіннен өз қалауымен биліктен іргесін аулақ салып, шығармашылықпен дендеп шұғылданған.
Абай өз шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Ол Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген.
Оның фиософиясының өзегі – адам, адам туралы ой-толғамдар. Хакімнің адамзат туралы түсінігі таңғажайып: сондай нәзік, сондай терең, даналыққа толы. Абай ұсынған «адам бол!» идеясы, Абай көрсеткен адам болудың жолдары, «Толық адам» ұғымы – бәрі де философиядағы өзекті тақырыптар.
Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов Абайды ұлы ақын, ойшыл, кемеңгер, қоғам қайраткері деп тани келіп, «соның барлығымен қатар Абайдың ел ішінің ең үлкен, ең іргелі биі болғанын да еске алу керектігін» назарға салады. Сондай-ақ, оның бұл ерекшелігі жөнінде замандасы Көкбай «билікке келгенде Абайдан әділ, таза дұрыстығы күшті биді Тобықты іші бұрынғы заманда көрген жоқ деп айта аламын» деп жазады.
Абайдың тұтас дүниетанымын, әсіресе құқықтық мұрасын және билік-шешімдерін зерттеген А. Тәукелов, С. Зиманов, С. Өзбекұлы, Ш. Андабеков сынды заңгер-ғалымдарымыздың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Ондағы мақсатымыз – ұлы ойшылдың би ретіндегі табиғи болмысын ашып беру. Жалпы, кез-келген билік-шешімдердің логикасында Абайға және ол өмір сүрген қоғамға тән құқықтық өмір құбылыстары кестеленген. Ойымызды сабақтай түссек, билік шешімдердің басым бөлігі ар-намыс, абырой құндылықтарын реттеуге бағытталған. Сондықтан дәстүрлі құқықтық жүйені өмірінің басты мәніне айналдырған қалың бұқара «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деуі бекер емес.
ХІХ ғасыр – қазақ тарихындағы ауыр кезеңдердің бірі. Абай дәуірі дәстүрлі ұлттық болмысы бұзылып, жұрт іші бүлініп, ел болып өзін-өзі билеуден қалған кезеңмен тұспа-тұс келді. Ел ішінде алауыздық өршіді. Осындай кезде Абай сынды алқалы би тарих сахнасына шықты. Оның халық атынан әділ билікті жүргізуіне заманның өзі мәжбүрледі, уақыттың өзі әділқазы атандырды десек, жалған айтпағанымыз.