Капитализм-өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшіктікке және капиталдың жалдамалы еңбекті қанауына негізделген қоғамдық-экономикалық қатынас.
Буржуазия-табыс көзі жалдамалы жұмысшылардың еңбегін қанау болып табылатын өндіріс құрал-жабдықтарының иесі,капиталисттік қоғамның үстем табы.
Капитал-табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
Пролетариат-капиталисттік қоғамдағы жалдамалы жұмысшы табы.Бұл топтың өзіндік жекеменшік алуға құқығы жоқ, оларға басты табыс көзі тек жалдамалы жұмыс арқылы ақша алу.
Қоғамның даму кезеңдерін әр түрлі көзқараста түсіндіруге болады. Экономика ғылы-мында экономикалық даму кезеңіне деген детерминистік көзқарас және индетерминистік көзқарастар бар. Қоғамның негізгі экономикалық жүйеден тұрады. Экономикалық жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе-материалдық игіліктермен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы реттелген байланыс жүйесі экономикалық жүйе көпфакторлы болып табылады. Негізгілері:
1. Мемлекеттегі шаруашылық шешімді қабылдау жүйесі;
2. Меншік құрылымы;
3. Информациамен қамтамасыз ету механизмі;
4. Адамды еңбекке тарту механизмі.
Объяснение: