Объяснение:
Географиялық ендік мен бойлықты анықтау — географиялық ендік (яғни экватор жазықтығымен берілген жердің тік сызығы арасындағы бұрыш) берілген жердегі әлем полюсінің биіктігі бойынша бірнеше әдіспен анықталады. Олардың ішіндегі ең көп қолданылатыны — поляр маңындағы кез келген бір жұлдыздың жоғарғы және төменгі кульминацияларындағы биіктігін өлшеу; географиялық ендік жұлдыздың екі кульминацияларындағы биіктігінің қосындысының жартысына тең. Географиялық бойлық екі пункттің жергілікті жұлдыздық (немесе жергілікті орташа) уақыт айырмасы бойынша анықталады. Уақыт айырмасы сигнал беру (радиотелеграфпен және тағы басқалар) немесе екі пункттің бірінде жергілікті уақыт бойынша дұрысталған хронометрлерді апарумен табылады. 1 сағат уақыт айырмашылығы ендіктің 15° айырмасына, бір минут — немесе 15' сәйкес келеді
Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:
жер қыртысы,
мантия,
ядро.
Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді.
Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Жердің ядросын радиусы 3486 км-дей құрайды. Ол сыртқы және ішкі ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 км/с-тан 8,1 км/с-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11,2 км/с-қа дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты.
Жердің келесі қабаты — мантия (гр. mantion—жамылғы). Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды. Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат орналасқан, оны астеносфера деп атайды.
Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Жер қыртысы деп - литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Антрактида. Мұхиттардың саны 4: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхиттары.