М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
рпрпрп1
рпрпрп1
08.12.2020 21:46 •  Қазақ тiлi

Сказахским
последнее айтылым
50 !

👇
Открыть все ответы
Ответ:
daryna27
daryna27
08.12.2020
Әке мен бала      Бір а ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: - Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп. Бала әкесіне: -Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: -Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең көптен де құры боласың деді.
4,5(59 оценок)
Ответ:
AliceMagic
AliceMagic
08.12.2020

Ана тілім – тірегім, тірлігімнің айғағы.

Ақиық ақын Қ.Мырза-Әлидің «Ана тілің – арың бұл,

    Ұятың боп тұр бетте.

    Өзге тілдің бәрін біл,

    Өз тіліңді құрметте»,- деген өлең

жолдарын оқығанда тебіренбейтін жүрек, толқымайтын кеуде барма екен сірә?

         Өмірде ана тіліңнен асқан құдірет бар ма?

- Жоқ, өйткені адам ана тілімен асқақ, ана тілімен ардақты. Шыр етіп дүние есігін ашқан сәтіңнен бастап құлағыңа сіңірген бір таныс үн бар. Ол үн - ана үні. Алғаш рет қаз тұрып, тәй-тәй басқан шағыңда қасыңда болып, дем беріп, қолтығыңнан сүйеген таныс дауыс – ана дауысы. Мектеп табалдырығын аттаған кезде ана тілі арқылы дүниедегі ең асыл сөз «Ана» сөзін жазып үйренесің, ана тілі арқылы «Отан» деген қасиетті сөздің құдіретін ұғынасың.

Қазақтың  жері де байтақ, тілі де байтақ

Дүние жүзіндегі ең әдемі тілдердің қатарынан саналатын ана тіліміздің  құнарлы қазынасы бізге бабалардың қаны мен жаны арқылы мирас болып жетті емес пе ?

Ұлы нартұлғаларымыздың  бірегейі Сұлтанмахмұт бабамыздың «ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдегін жүректің  сығындысы, онда дәм де бар, мән де бар болуы керек...» деген мұра сөзі бар.

Тіліміздің осынау қадыр – қасиеті, сан қырлы байлығы, тұңғиық  тереңдігі бүгінгі таңда сіз бен біздің  ардақты кәсібіміздің  мән – мағынасын одан әрі ұлықтауға  тамаша күш берері сөзсіз!

Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды. Дәл осы пікірге сүйене отырып, туған тіліміздің шұрайлы қазынасын өз іс-тәжірибесінде батыл қолданып жүрген елдің азаматтары әрдайым аман болғай.

Халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының кеңдігімен, оралымдылығымен және ұтымдылығымен өлшенеді. Ерте заманда ел бастаған көсем де, дауды шешкен би де осы құдіретті  тілге сүйенген, осы тілген жүгінген. «Тіл өнері дертпен тең», - деп тілдің қадір-қасиетін жете түсінген бабаларымыз үлкен дау-дамайда бір-ақ сөзге тоқтаған, ұлттық асыл мұрасы – ана тілін құрметтей білген. Ана тілін ардақтап өткен халқымыздан небір суырып салма ақындар, шебер тілді шешендер, күміс көмей әншілер, қос ішекті домбыраға жан бітірген жыраулар, сазгерлер шыққан. Бұл тілде есімдері әлемге әйгілі қазақтың перзенттері, ұлы Абай өз халқына сырын айтқан, мұңын шаққан, бұл тілде шығыстың біртуар жұлдызы Шоқан сөйлеген, бұл тілде ғасырмен терезесі тең Жамбыл жырлаған.

 

4,6(71 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ