М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
рита429
рита429
16.06.2022 19:37 •  Қазақ тiлi

Оқушының аты – жөні

Сыныбы

Оқылым. Берілген мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Біздің еліміздің табиғаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады. Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт. Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын!

Жазылым

1. Мәтіннен қыс мезгілінің сипатын білдіретін 3 тірек сөзді теріп жазыңыз. \ \

Тірек сөздер:

12 3

2. Мәтіннің негізгі ойын анықтап жазыңыз \тақырып қой \ \:

3. Мәтінге байланысты екі «жалған» ақпаратты анықтаңыз.\ \

Тұжырым Шын Жалған

A Біздің еліміздің табиғаты өте ерекше!

B Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанбаймын!

C Күз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты.

4 .«Қазақтың зергерлік бұйымдары» деген тақырыпта эссе жазыңыз.\ \

👇
Ответ:
Игорь2019365
Игорь2019365
16.06.2022

ответ:эссе

Қазақтардың зергерлік бұйымдары — қазақтардың ұлттық Зергерлік бұйымдары, яғни асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда қымбат тастармен безендірріп алынатын бұйымдар.

Қазақ қолданбалы өнер туындылардың шығармашылық бейнесіне жалпы алғанда көркемдік тіл ықшамдығы және сәндеу шешімдерін жалпылау тән, бұл қазақ шеберлерініңқоршаған ортаны ерекше қабылдауымен айқындалады. Қазақтардың түйсігінде әлем сандық және кеңістік өлшемдермен айқын құрылымдаған , деңгейі мен дүниенің төрт бұрышы айқын көрініс тапқан.Осы түсініктен сәндік композицияқұрайтын қарапайым симметриялық пішіндер туындайды.

Объяснение:

4,8(56 оценок)
Ответ:
kulisenok
kulisenok
16.06.2022

таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар.  

A Біздің еліміздің табиғаты өте ерекше!

Шын

B Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанбаймын!

Жалған

C Күз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты.

Жалған

    Қазақтардың зергерлік бұйымдары  

Қазақтардың зергерлік бұйымдары — қазақтардың ұлттық Зергерлік бұйымдары, яғни асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда қымбат тастармен безендірріп алынатын бұйымдар.

Қазақ қолданбалы өнер туындылардың шығармашылық бейнесіне жалпы алғанда көркемдік тіл ықшамдығы және сәндеу шешімдерін жалпылау тән, бұл қазақ шеберлерініңқоршаған ортаны ерекше қабылдауымен айқындалады. Қазақтардың түйсігінде әлем сандық және кеңістік өлшемдермен айқын құрылымдаған , деңгейі мен дүниенің төрт бұрышы айқын көрініс тапқан.Осы түсініктен сәндік композицияқұрайтын қарапайым симметриялық пішіндер туындайды.

Тұмарша (Бойтұмар) Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.

Жүзік сақина Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.

Шолпы шаш теңге Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.

Объяснение:

4,4(40 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
1 Тауекел тау жығады.
      Смелость горы сдвигает.

 2   Өжет өлімнен қаймықпас.
      Смелый смерти не боится.

 3   Қаhарлы қамал бұзады.
      Отважный крепость возьмёт.

 4   Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда.
      Если есть стремление, нет непосильной работы.

 5   Тізерлеп жүріп күнелткеннен, тік жүріп өлген артық.
      Чем ползая жить, лучше стоя умереть.

 6   Ақыл жетпес айла жоқ, батылдық алмас қамал жоқ.
      Нет хитростей умом непостижимых, нет крепостей, которых не берет смелость.

 7   Ебін тапқан екі асар.
      Кто сумел, тот два раза съел.

 8   Ерлік білекте емес, жүректе.
     Мужество не в силе рук, а в храбрости сердца.

 9   Ерлік егесте керек.
      Отвага нужна в бою.

10   Шапшаң жүргенге шаң жұқпас.
       К быстро идущему пыль не пристаёт.

11   Қимылдаған қыр асар.
       Вершину одолеет идущий.

12   Жоқ iздеген жоғалғанды табады.
       Кто ищет не существующее, тот найдёт потерянное.

13   Көз – қорқақ, қол – батыр.
       Глаза боятся, руки делают.

14   Шапқан озар, жатқан қалар.
       Бегущий обгонит, лежащий отстанет.

15   Iздеген табады, сұраған алады.
       Ищущий находит, просящий получает.

16   Өлiмнен басқаның бәрiне асық.
       Кроме смерти всюду спеши.
4,4(41 оценок)
Ответ:
egoraga142
egoraga142
16.06.2022

«Қазіргі заманда үш тіл білу - міндет».

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.  

Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.

Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дұниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, қалай терең ойлап айтқан десеңші...!

Осы орайда мен де өз келешегімді шет тілдерімен байланыстырамын. Қазірдің өзінде мектепте ағылшын тіліне ден қойып, орыс тілін де жетік меңгеруге тырысып жүрмін.

 

4,5(7 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ