Әлемдік қақтығыстар азаматтық және әскери шығындар санымен бағаланады.Бұл ауқымды соғыстар жылына 1000-нан аса адам өліміне алып келеді.Әлемдік қақтығыстардың себептеріне келетін болсақ оған елдің ішкі саясаты әсер етеді.Мысалы:Сирияда революциялық суреттер салған жасөспірімдер қамауға алынып,азапталғаннан кейін қалаларда шерулер өткізіліп,Башар Асадтың режиміне наразылық білдірген.Бұл наразылық бүкіл елге таралды.Үкімет өз тарапынан наразылық білдірушілерді террористер деп айыптады.Кім кінәлі?Үкімет кінәлі,наразылықты күшеймей тұрып басып,наразы топпен,ел тыныштығын ойлап бейбіт келісімге келу керек еді.Ресей мен Жапония екі алпауыт ел,Куриль аралдары үшін ұзақ уақыт бойы егеске түсіп келеді.Мысалы: 1904-1905жылғы соғыстарда Жапония жеңіске жетіп,Куриль мен Сахалин аралдарын жапондықтар иеленді.Ал 1945жылы Жапониямен болған соғыста Кеңес әскері жеңіп аралдар Кеңес одағының қол астына өтті.Кейін Ресей басшылығы қақтығыстардың шешілгенін жариялағанымен Жапония көңілі толмай аралдарды қайтаруды талап етіп отыр.Кім кінәлі?Екі мемлекетте кінәлі,келісімге келе алмаған.Әлемдік қақтығыстарды болдырмау үшін әр ел өз ішінде өріс алып келе жатқан қақтығыстарды тоқтатуға,белең алуына жол бермейді.Екі елдің қақтығысында БҰҰ және аймақтық ұйымдар делдалдық атқарады.Қарулы әрекеттерге ұласып кеткен қақтығыстар келіссөздер арқылы тоқтатылады.Әлемдік қақтығыстардан шығудың бірнеше жолы бар.1.Қару қолдану.Күші басымдылығын көрсеткен жақ жеңіске жетеді.2.Келіссөз жүргізу.Екі жақта келісімге келу жолдарын іздейді.3.Қақтығысқа түсіп отырған елдердің сенімді,құрметіне ие болып отырған адамдар мен ұйымдар делдалдық жасай алады.Әлемдік қақтығыстар болмасын,әлеміміз бейбітшілікте өмір сүруіне мүмкіндік жасайық.
Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен.
Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген.
Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.Ахметтің әйелі Әмина Мәметова -Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.
Өмірбаяны
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.