Нұр-Сұлтан. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазіргі уақытта әлемнің дамыған елдері әскерлерге роботтандырылған жүйелерді енгізуге көп көңіл бөледі. Әскери роботтар Қазақстанның Қарулы Күштерінде де кеңінен қолданылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ба өз қызметіне сілтеме жасап. 2015 жылдан бастап, ҚР Қарулы Күштерін жарақтандыруға жерүсті, теңіз және әуе мақсатындағы робототехникалық құралдар келіп түсуде. Әлемдік трендтерді зерделеу және жаңа технологияларды ілгерілету үшін 2019 жылы Бас штабта робототехникалық жүйелерді дамыту және оларды қолдану басқармасы құрылды. Басқарма мамандары жаңа технологияларды енгізу және қолдану бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Олар оқу орындарымен және қорғаныс-өнеркәсіптік кешенімен өзара тығыз іс-қимыл жасайды, ғылыми кәсіпорындармен бірлесіп роботтардың тәжірибелік үлгілерін әзірлеуге қатысады. МИНЕ ДУРЫС БОЛМАСА КЕШИРШИ ОК
Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады.