Қыран, қыран бүркіт. Түсіндірме сөздікте «қыран» сөзінің мағынасы — бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстардың жалпы атауы деп баяндайды. Әрине, бұл мағына аталған құстардың қасиетіне қарай кейін пайда болса керек. Кейбір түркі тілдерінде, атап айтқанда, қырғыздарда қыран — епті, алғыр сияқты мағыналарда қолданылады. Және бұл тілде тек жыртқыш құс қана емес, аңға салатын иттерге де (тазыға) айтыла береді. Шамалауымызша, сөздің алғашқы тұлғасы «қыр» болып, мағынасы — жою, құрту етістіктерімен синонимдес болуы ғажап емес. Құс атауы — «қырғи» да осы түбірден туындаған деуге болады. Бұл деректер бойынша, «қыран бүркіт» тіркесі «епті, алғыр бүркіт» түсінігімен деңгейлес келеді. «...жаз — қаршыға, қыс — бүркіт дегендей босағасынан бір қыраны арылмайтын еді» (С. Мұқанов, Аққан жұлдыз.).[1]
-Сәлем, Дария, сен неге театрға қысқа көйлекпен келдің? -Несі бар? -Театрға және тағы басқа мәдениетті жерге барғанда киіну әдебін сақтану қажет, мектепке - мектеп формасын, дене шынықтыруда - спорт киімін, ал театрға, мәдениетті жерлерге әдемі тізеге түсетін көйлек, не классикалық киім кию қажет, себебі бұл - киіну әдебі.
Перевод; -Привет, Дария, почему ты надела короткое платье в театр? -Что тут такого? -Когда идешь в театр, культурные места нужно одеваться по ситуаций, в школу - школьную одежду, на физкультуру - спортивную одежду, а в театр, т.д. нужно одевать платье, которое доходит до колен или классическую одежду, потому что это - этика одежды.