
1) Диалог "Дәмханада":
– Даяшы!Тапсырыс қабылдап кетсеңіз.
– Саламатсыз ба?Неге тапсырыс бересіз?
– Саламатсыз,мен балық сорпасына тапсырыс берейін деп едім...
– Кешірерсіз,бірақ балық сорпасы таусылып қалды.
– Жарайды,онда бір мантының ішінде қаншасы болады?
– Бесеу болады.
– Олай болса бір мантыға тапсырыс беремін.
– Сусыннан не қалайсыз?
– Бір сүтпен шай.Және шайға бір бәліш.
– Жақсы,қазір тапсырысыңызды әкелетін боламыз.
– Жарайды.
– Мінекейіңіз,асыңыз дәмді болсын!
– Рахмет.
2) "Дәріханада" тақырыбында диалог.
– Сәлеметсіз бе?
– Сәлеметсіз,маған нурофен,тамақ ауруына және температура түсіретін дәрі бере аласыз ба?
– Өзіңізге ме?
– Ия,өзіме.
– Олай болса тамақ ауруына сізге Стрепсилс алуға кеңес беремін.Температура және тұмаудың алдын алатын дәрілерден Колдрекс,Тера-Флю,Фервексті тұтынуға болады.
– Маған онда Стрепсилс лимон дәмімен және Колдрекс берсеңіз.
– Жарайды,Нурофен... Стрепсилс,Колдрекс...Барлығы 2520 тг болады.
– Мінеки.
– Саудаңыз үшін рахмет.Сауығып кетіңіз.
– Рахмет.
Компьютердің пайдасы мен зияны
Жаһанданудың нәтижесінде, компьютер және басқа электронды құралдар адам өмірінің айнымас бөлігіне айналды. Мысалы, компьютерлер жұмыс барысында, оқуда және ойын-сауық үшін қажетті. Алайда, бұл құрылғының пайдалы жақтарымен қатар, зияны да бар.
Компьютер біздің өмірімізді жеңілдетеді. Алыс-жақында тұратын туыстармен лезде сөйлесуге болады. Зеріккенде кино көріп, ойын ойнауға да мүмкіндік етеді. Ал зиянына келетін болсақ, ол адамның көзін зақымдап, ұйқыдан айырады. Әсіресе, түнде компьютерді көп қолданатын адамдардың күн тәртібі бұзылады.
Компьютерді әр адам өзінің денсаулығына және күнделікті қажеттілігіне қарай пайдалану керек.
. Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқкиім тігетін құрал, тарамыс – аяқкиім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.
2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші; 2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б. 3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше, торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.
Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер. Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.
1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжат, т.б.
2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм, т.б.
ВОПРОСЫ
География ғылымына қатысты термин сөз қатарын белгілеңіз.
Мүсәтір, көмірқышқылы сөздері қай ғылым саласына тән термин екенін табыңыз.
Ботаника ғылымына байланысты термині бар сөйлемді көрсетіңіз.
Етікшіліке байланысты кәсіби сөзді табыңыз.
Жүгері шаруашылығына байланысты кәсіби сөзді көрсетіңіз.
Кәсіби сөз қатарын көрсетіңіз.
Кәсіби сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
Кәсіби сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
Кәсіби сөзге жатпайтын сөздерді көрсетіңіз.
Кәсіби сөздің анықтамасын көрсетіңіз.
Объяснение: