М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Анна3672
Анна3672
19.01.2023 05:38 •  Қазақ тiлi

Еламан теңізге тартты. Түнде жел тұрған ба, таяуда жауған үлпілдек қардың бет жағы борап, жағалаудың мұзы қай көктайғақтанып қалыпты. Сонан бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, маңындағы кісілерді байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір туралы, өзі жөнінде ойлайды. Теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке-шешеден ерте айырылды. Әкесімен бірге туған ағасы – Есбол бұл арадан бір күншілік жерде тұрады. Баласыз, жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. Ендігі жанашырдан – немере іні – Рай. Бірақ ол жас. Өзі сияқты о да әке-шешеден жастай жетім қалды. Қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр.
Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Күтпеген жерден қайын атасы есіне түсіп кетті. Тікбақай тентек шал ел ішіне сыйымсыз. Отбасына да мазасыз. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге айналдырып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам», - деп хабар жіберіпті.
Әңгімедегі кейіпкерге мінездеме беріңіз.(Еламан)​

👇
Открыть все ответы
Ответ:

Білім. Ғылым. Инновация.

Өз ойымды жеткізбес бұрын алдымен «Инновация деген не?» сұрағына жауап беріп көрейін. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді.

Яғни, өз сөзімізбен айтсақ, білім беру саласындағы жаңашылдық.  Жалпы, бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі таңда біздің елімізде білім саласында модульдік оқыту; блок-модульдік оқыту; компьютерлік технология; мультимедиа технологиясы; қашықтықтан оқыту технологиясы;  желілік технология; интернет технология; интерактивтік технология деп аталатын түрлерін білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз.

Инновациялық технологияларды білім саласында қолдану оқу үрдісін тиімді етуге көмектеседі. Маған, әсіресе интерактивтік, интернет және мультимедиа технологиялары аса қатты ұнайды. Себебі бұлар заман талабына сай келеді деп есептеймін, әрі оқу процесі де қызықты өтіп, өз бетімізбен көп жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Ал білім мен ғылым - ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Қазіргі дамыған заманда жастар білімді болуға тиіс, сонда ғана олар бәсекеге барынша қабілетті болып, өмірден оз орындарын таба алады.

4,8(30 оценок)
Ответ:
caros14
caros14
19.01.2023

Менің Отаным – Қазақстан. Мен Отанымды мақтан етемін, оны сүйемін! Туған жерім – аққайыңдар өлкесі, Солтүстік – Қазақстан! Ол – ел байлығы, қазынасы, кең байтақ Отанымның ірге тасы. Биылғы 28 ақпанда «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауы шықты. Біздің облыс оған аса көп көңіл бөлді.Сонымен, Қазақстан бүгін әлемнің ең екпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат. Бірақ алдымызда жаңа мақсаттар тұр. Сондай биік белестің бірі – қазақстанның 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен, сіздер мен біз, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек! Биылғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының негізгі бағыттары да белгіленді, жетістіктеріміз туралы да айтылды. Біз болашаққа сеніммен.

4,5(12 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ