Объяснение:
Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Объяснение:
Сағыныш ... Қандай тәтті сезім еді , шіркін ! Біреуді сағынғаның , сені де біреу сағынғаны екенін түсінген сайын , көңілге жеңіл бір сезім ұялап , жаныңды жадырата түсетінін қайтерсің ! Сағына білудің өзі өнер ме екен ! « Мен сені сағындым ! » деген сөздің өзі адамды жігерлендіріп , желпінтіп ... жібереді . Сағыныштың түр - түрі болады ғой : балалық кезге сағыныш , жастық шаққа сағыныш , студенттік өмірге сағыныш , махаббатқа сағыныш , өмірден өткен адамдарға сағыныш ... Ал мен тіпті , кімді сағынып отырғанымды да білмеймін ... Әйтеуір , сол жүйрік » сезімге мініп алып , Сағыныштың самалын жалау етіп , қоңыр күзде менімен жарысып , жүйiткiп келеді !.Сағыныш » деген бір ауыз сөзге қаншама мән - мағына , қаншама көмескі сыр жасырынған десеңізші ? ! . « Сағыныш » — маған етене жақын сезім , өте жуық сырласым болып сезілетіні несі ? ! . Әсіресе , күздің сарғыш шуағына сіңіп алған « тәтті сағынышты » айтсаңызшы ! .. Сап - сары сағыныштың « кемесі не » мініп алып , көкжиекті беттеп , біраз жерге дейін жалғыз жүзіп кетесің ... Уақыт өткен сайын сағыныш сезімі ауырлап , көңіл шіркін , кемсеңдей береді екен . Өзегім сағыныш пен мұңға толып , кеудеме бәрі келіп кептеліп , сезімнің « салын » ауырлата беретінін кімге айтсам ?! Рухани « жүктің » бәрін қағаз бетіне түсіріп , ішкі дүниемді бір тазалап алсам кәдімгідей жаным кіріп , тынысым кеңейіп қалар - ау ! ..