Қосымшаның түрлері.
Қазақ тілінде қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық, оқу - шы, бала - лы, орын - дық, сыр - мақ т.б.
Ал сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға, дәптер – дәптерді, көше – көшеде.
Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар:
1. Септік жалғау;
2. Көптік жалғау;
3. Тәуелдiк жалғау;
4. Жіктік жалғау.
Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы - шы”, “біл - ім”, “жасы - қ”, “таға - ла”;
2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г) - ірек”, “сары - лау”, “сары - рақ”, “жаз - ып”, “жаз - ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет - ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас - шы”, “басшы - лық”, “ұйы - м”, “ұйым – дас – тыр – у – шы”).
Достық (жұрнақ) Адамдардың достығы әдетте жыл өткен сайын беки түседі.
Досым (жалғау) Менің досымның есімі - Арнұр.
Адамгершілік дерсіз. Адамгершілігі мол адам деп қиналғанда, басыңызға қиын жағдай туғанда қасыңыздан табыла білетін, өзгелерден өзін жоғары санамайтын, үлкенмен де, кішімен де жақсы қарым-қатынас жасай алатын адамды айтамыз. Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді. Сайып келгенде адамгершіліктің өзі мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ойдан бастау алады.
Тазалық дерсіз. Тазалықтың екі жағы бар, бірі – тән тазалығы, екіншісі – жан тазалығы. Тән тазалығын былай қойғанда, жаны таза адам деп ешкімге жамандық ойламайтын, бөтен ойы жоқ, ниеті ақ, пейілі кең, әр нәрсеге адалдықтың көзімен қарайтын, қиянатсыз адамды танимыз. Бұл тазалықтың ар жағында мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ой жатқанын білесіз бе?
Қарапайымдылық дерсіз. Қарапайымдылықтың белгісі адамның өзін өзгелерден артық ұстамау, бәрін бірдей тең дәрежеде көру екені мәлім. Бір сәт ойланып көріңіз, қарапайым жан қалайша мінезге бай, жүрегі кең, мейірімді, таза ойдағы адам болмауы мүмкін?!
Арлылық дерсіз. Ар-ұят адамның ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Өлімнен ұят күшті» екенін терең түсінген адам қашан да өз ісіне жауап бере алады. Намысшыл, ары биік, ұятты жанды мінезсіз, жүрексіз, мейірімсіз, таза ойдан ада деп айта аламыз ба?
калайсын братишка комек тесалмайм