Жайлау туралы.
Бір жылда төрт маусым болса, көшпенді қазақ халқы малдың қамын ойлап, осы төрт мезгілдің түрлі ауа райын ескере отырып, қоныстарын ауыстырып, оларды көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.
Әдетте жаз айларын (маусым, шілде тамыз) жайлауда өткізетін болған. Жайлау дегеніміз - жазғы қоныс. Көбінесе жайлау ретінде жайылымы жақсы, шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерлер таңдалған, ал олар тау баурайларында болған, сол себепті жазда тауға қарай қоныс аударатын болған.
Жайлауда тек жаз айларын өткізетіндіктен, ол жер басқа уақытта бос тұрады. Қыста қары қалың болып, ал көктем келісімен жердің беті кілемге ұқсап, құлпыра түседі. Шөбі де жақсы, қалың өседі. Суық қыстан шыққан мал жайлауда тойып секіреді, сонымен қатар адамдар біраз тынығып, демалады. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Қазақстанда қазірдің өзінде атақты жайлаулар бар: мысалы, Қарқара, Шалкөде, Сырт, ЦІүбартал, Асы т.б. Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы жібек жолы" өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп қонады.
Ғаламтордың пайдасы мен зияны.
Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдасын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен ғаламтордың пайдасы мен қатар, зияны да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Желіде көп отырған көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын.
Дегенмен де, менің ойымша ғаламтордың зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін.