Темекі тарту халық арасында ертеден келе жатқан зиянды әдеттердің бірі.Оны осы кезде еркек те әйел де қарт та жас та тартады.Құныққан адам ертемен төсектен көзін – ашпастан темекіге ұмтылады.Көп адам темекіні жұмыс үстінде, үзіліс кезінде, көшеде, далада, қарны ашса да, тамақ ішсе де шегеді. Құмарпаздар бір шылымды шегіп үлгермей екіншісін бастайды. Үлкендерге еліктеп папирос қалдықтарын балалар да ауызына қыстырады.Бұл әдет алғашында еліктеу түрінде болғанымен келе-келе олар да үйреніп кетеді.Үлкен – кіші бірдей әуестенетіндей осы темекіде не бар? Онда қызығарлық түк те жоқ.
Темекі зиян..
Әмір Болатшы бес ағайынды еді: үлкені – әмір Тулақ, екіншісі – әмір Болатшы, үшіншісі – әмір Шамсаддин, төртіншісі – әмір Қамараддин, бесіншісі – әмір Шеих Дәулет. М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда, әмір Болатшы қайтыс болған соң орнына ұлысбегі болып жеті жасар ұлы Хұдайдад тағайындалады. Әмір Хұдайдат 90 жыл әмірлік еткен, жарқын жүзді кісі болған екен. Ол Моғолстанның жеті ханын таққа отырғызған. Әмір Қамараддин ұлысбегілік маған міндеттелгені жөн деп Тоғылық Темір ханның алдына барғанымен, хан оған келіспей, Болатшының ұлы Хұдайдатты ұлысбегі етіп бекітеді. Бұған әмір Қамараддин наразы болады, бірақ ештеңе істей алмайды.
Әмір Қамараддин нағыз жаужүрек, батыл, ешнәрседен қорықпайтын ірі тұлғалы кісі болған, оның қонышына жеті жасар бала сыйып кетеді деген аңыз бар. Ілияс қожа хан қайтыс болғаннан кейін әмір Қамараддиннің кеудесін керген кек сыртқа шыққан. Қамараддин Моғолстандағы басқару ісін қолына алып, тәртіп орнатады. Сол кезеңдегі хандық билікті мойындамаған, өзі дербес билік жүргізген әмір болды. Ол ешкімге бас имей ержүректілігімен жиырма жылдай билік жүргізген. Оған, бір жағынан, Кеш әмірлері қарсылық көрсетеді, екінші жағынан Әмір Темір үлкен кедергі болды. Қамараддин Әмір Темірмен өмірінің соңына дейін, ақтық демі біткенше шайқасып өтеді. Әмір Темір Моғолстанға қарсы жасаған үшінші жорығы кезінде Қамараддиннің көзін жою үшін тыңшылар жіберіп, оның Көктөбе деген жерде отырғанын анықтайды. Әмір Қамараддин жаудың әскерінен хабардар болып, Аршалы дейтін кісі аяғы жетпес жерге бой тасалайды да, қараңғы түсісімен орын ауыстырып кетеді. Әмір Темір Үш Фарман деген мекенде мыңдаған бейбіт адамдарды тонап, әмір Қамараддиннің туған ағасы әмір Шамсаддиннің әйелі Тұман мен қызы Дилшадты тұтқынға алады. Әмір Темір Дилшадқа күштеп үйленеді. «Зафарнамеде» әмір Темірдің Дилшадпен үйлену тойын әдемілеп, келістіре суреттеп, тұтқын қызды бақытқа кенелгендей етіп баяндаған, ал шын мәнінде оған қорлықпен үйленді
Эссе:Жылқы кисе-киім,жылқы мінсе-көлік,жылқы жесе-тамақ,жылқы ішсе-сусын.
1.Кіріспе бөлім.
Қазақстанда мал шаруашылығы жақсы дамыған.Түйе,жылқы,сиыр,қой-ешкі өсіретін шаруашылықтар көп.Түйе-байлық.Түйе малы-шөлге төзімді,көшіп-қонуға,жүк тиеуге ыңғайлы жануар.Жүнінен көрпе, киім,шұлықтар тоқылса,сүтінен денсаулыққа пайдалы қымыран,шұбат алынады.Өкпе ауруларына емдік қастеті бар.Сиыр-ақтық.Сиыр- қыстауда бағылады.Сүті-еті пайданылады.Сүтінен құрт-ірімшік,айран,қатық жасалады.Сүтін сабаға салып май шайқайды.Қой-ешкі-мырзалық.Қонаққа,тойға қой сойылады.Жүні киіз басуға пайданылады.Киіз үй жабдықтары істелінеді.Ешкі-жеңілдік.Қой-ешкі еті жегенге жеңіл.Ешкінің сүті бағалы,дертке шипа.Жаңа туған балаларға беріледі.Қой-ешкі тез көбейетін майда мал.Миранос қойларының жүндері биязы,пайдалы.Құрт,ірімшік жасалады.Жылқы -сәндік.Тұлпарларды ат бәйгесіне қосады.Жылқы -көлік.Жылқыны мініске пайдаланады.Жылқы-мал патшасы.Үй жануарларының ішіндегі мүсіні жағынан көріктісі.Жылқы-киелі жануар.Жылқы таза жануар,тек тұнық таза суды ішеді.Үйіріне аң жолатпай қорғайды.Жылан жылқы жатқан жерге жоламайды.
2.Негізгі бөлім.
Жылқы кисе -киім.Жылқының терісі киім жасауға пайдаланады.Жылқы суыққа төзімді,қалың қардада тұяғымен шөп аршып жайыла береді.Жылқы мінсе-көлік.Жылқыны көлік ретінде пайдаланады.Мал бағу үшін,жол сапарда,ат жарыстарында,пәуескеге,арбаға жегуге жылқыны пайдаланған.Жылқы жесе-тамақ.Жылқының етін соғымға сойып алған.Жылқының еті жегенге жеңіл,қыста тоңдырмайды.Жылқы ішсе-сусын.Жылқы сүтінен сабаға пісіп,ашытып қымыз дайындайды.Қымыз денсаулыққа пайдалы,дертке шипа.
3.Қорытынды бөлім.
Мал шаруашылығы өсіп өркендеген осы замандада әр малдың өз орны бар.Қазірдеде жылқы малы мерекелерде ат жарысқа,бәйгеге,көкпарға,қыз қуу ойындарына қатыстырылады.Елімізде ат спорты дамыған.Түйе малы әр шаруашылықта өсіріледі.Сиыр,қой-ешкі қай ауылға барсаңызда жетерлік.Ата-бабамыздан қалған осы төрт түлік малды асырап,өркендетіп,еліміздің шаруашылығын көркейтейік.Еліміздің экөномикасына айтарлықтай үлес қосалық.