М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Barcelona2004
Barcelona2004
02.02.2021 01:11 •  Қазақ тiлi

Менің Отаным-Қазақстан шығарма керек
25 ші Ақпанға дейін жоспарымен

👇
Ответ:

Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз ел. Ол ұлан байтақ дала, бейбіт ел. Қазақстанның астанасы Астана қаласы. Қазақстанда пайдалы қазбалар,есепсіз байлық өте көп. Қазақстан жерінде ұлт өкілдері көп. Олар: орыстар, ағылшындар, түріктер тағы басқа ұлттар тұрады. Қазақстан жері өте әдемі. Мен өз Отаным Қазақстанның көркіне жететін ешбір ел жоқ. Мен өз Отанымды мақтан тұтамын. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік –биік асқар таулар,мөп-мөлдір көлдер және өзендер. Әр түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.

Отанымыздың аспаны ашық, әр таңы арайлы, болашағы нұрлы болса екен деймін. Келешекте бейбіт күннің бетін бұлт ба , барлық әлемде бейбітшілік болсын. Мен қазақпын! Қазақ жерінде, елінде туылдым. Соны мақтан етемін. Отанымды сүйемін. Туған жеріме өлең жолдарын арнаймын.

Туған жерім асқан көркем, сұлу ғой,

Байлығымның баға жетпес құны ғой.

Туған жерім жүрегімнің үні ғой,

Көңілімнің жыры ғой.

4,6(88 оценок)
Ответ:
Жыгаа
Жыгаа
02.02.2021

Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз ел. Ол ұлан байтақ дала, бейбіт ел. Қазақстанның астанасы Астана қаласы. Қазақстанда пайдалы қазбалар,есепсіз байлық өте көп. Қазақстан жерінде ұлт өкілдері көп. Олар: орыстар, ағылшындар, түріктер тағы басқа ұлттар тұрады. Қазақстан жері өте әдемі. Мен өз Отаным Қазақстанның көркіне жететін ешбір ел жоқ. Мен өз Отанымды мақтан тұтамын. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік –биік асқар таулар,мөп-мөлдір көлдер және өзендер. Әр түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.

Отанымыздың аспаны ашық, әр таңы арайлы, болашағы нұрлы болса екен деймін. Келешекте бейбіт күннің бетін бұлт ба , барлық әлемде бейбітшілік болсын. Мен қазақпын! Қазақ жерінде, елінде туылдым. Соны мақтан етемін. Отанымды сүйемін. Туған жеріме өлең жолдарын арнаймын.

Туған жерім асқан көркем, сұлу ғой,

Байлығымның баға жетпес құны ғой.

Туған жерім жүрегімнің үні ғой,

Көңілімнің жыры ғой.

Менің отаным - Қазақстан. Мен Отанымды сүйемін. Осы елде өмірге келіп, білім қабылдап келеміз сонымен қатар қазақ тілінде сөйлеуді,қ азақ жұртының салт-дәстүрін білу міндетіміз деп санаймын. Менің Еліме деген махаббатым жүрегімнің түпкірінде жатыр. Отанға деген ақ жүрек махабатты, қандай заң, қандай құбылысы болсын өшіре алмайды.

\Қазіргі күні Қазақстан береке ордасына шарықтап отыр. Әркім қалаған еңбегін істеуге, оқуға, демалуға ерікті. Менің Отаным сонау Каспийден басталып Алтай тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке. Қазақстан тәуелсіздік жолында не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та , ашаршылық та, сұм соғыс та өтті. Қазақстанның тәуелсіздігін аңсаған, мәңгілік жарыққа тырысқан Қайрат, Ләззат, Ербол сияқты аға — апаларымыз ұлтты үшін өлімге бастарын тікті.

Отанымыз, кең байтақ еліміз, ата-бабаларымыздан қалған жер - Қазақстан. Ата-бабалар мұра етіп қалдырған асыл - байлық жеріміз бар. Біздің жерімізде кең, қасиеті ғана емес, қазба байлығымен жер жүзінің алдыңғы көшін бастауда. Асты кенге, талай дүлділ адамдарды ғұмырға әкелген кенді өлке туғаныма қатты қуанам.

Отанымның келешегі үшін өз үлесімді қосуға әрекет жасаймын. Біз жастар Қазақстанның келешегіміз, туып өскен жерімізді  оп - оңай бере салмаймыз. Еліміз үшін барлық қиындыққа төзіп беруге даярмын. Басқа елдерге кетсек, өз елімізді өте қатты аңсаймыз. Әр кісі өз туған жерін іздейді. Соған қарап мен қарапайым ғұмыр сүріп жатсам да отбасыммен, туған жерімде оқып, өз жерімде жүргеніме қатты қуанам. «Атамекен отбасынан басталады». Осы шығармада менің ойымша отбасына ғана емес, Отанға деген махаббат туралы қамтылмаған. Мен кішкентай отбасымды сүйем. Отбасымыда әкем, анам, мен, сіңілім бар. Өйткені  менің отбасым да Отаныма қаракет етуде. Біз аласа ғана бөлшегіміз. Өйткені менің ұлы атам Отанды қорғауға септігін қосып, соғысқан. Ал мен сауатты кісі болу үшін аянбай оқып, үлгілі біліміммен кішкене болса да үлесімді қосып келемін. Мен жұмысымды таза жүрекпен істеуге тырысамын. Өйткені қазіргі кезде менің бар жұмысым сабақ. Сабақты босатпай, ұстаздардың айтқанын екі етпей орындаймын.

Объяснение:

1.Отаң  кең байтақ жер.

2.Біздің елде салт дәстір ұстанамыз

3.Мен өз елімді жақсы көріп,құретейің.

4,7(74 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
анна2216
анна2216
02.02.2021
Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек. Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
4,5(69 оценок)
Ответ:
kazbekkhatitow7h52
kazbekkhatitow7h52
02.02.2021
«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев).
Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.

Талай — талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.

Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата — бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?!
Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды.
Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен — ау!
Шыдамадым қапасқа,
Кеңшілікке қаштым.
Көндікпедім матауға,
Асау атша бастым.
Уһ, шырқап, зымырап,
Сұңқардай зулап ұшайын!
Ұшайын!- деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті.
Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
4,4(64 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ