Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.
Объяснение:вот
Қазақстан және әлемдік қауымдастық
1992 жыл Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз мемлекет ретінде танылу жылы болды. 1992 жылдың ортасына дейін Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп 30 ел таныды. Осының арқасында 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 46/224 Қазақстан Республикасын БҰҰ-на қабылдау туралы қарарына бірауыздан дауыс берді.
БҰҰ әлем халықтары Қазақстанның бейбітшілік пен ынтымақтастық саясатының куәсі болғандығын айтады. Осы жылы Қазақстан Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына (ЕЫҚҰ) мүшелікке өтті. 1992 жылдың соңында Қазақстанды дүниежүзінің 106 мемлекеті танып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнады. Еліміз аз ғана уақытта әлемдік қауымдастыққа еніп, танымал болуына оның БҰҰ-на мүше болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан жаһандық бейбітшілік пен экономикалық ынтымақтасу құндылықтарын жақтайтын дамыған әлемдік қатынастар жүйесіне енді. БҰҰ-ға мүше болу арқылы Қазақстан әлемдік саясаттың барлық салаларына қатысуға толыққанды мүмкіндік алды. Ол өзінің ұлттық мүдделерін қорғай алатын әлемдік саясат субъектісіне айналды. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көпвекторлық сыртқы саясат ұстанды. Ол әлемдік басым державалар арасындағы қатынастарды, халықаралық қатынастардағы одақтар жүйесін және әлемдік тартылыс күштерінің негізгі нүктелерінің ықпалдарын есептеуге ұмтылды.
есть ответ мне тоже нужно