
Табиғаты
Қоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдық орта температурасы 3,1 °C. Жылдық жауын-шашын көлемі 300 мм. Жаздың ыстығы 40 °C –тан асып кете алса, қыстың суығы – 50 °C-қа дейін төмендейді. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.
Халқы
2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, қаланың халық саны 697,3 мың адамды құрайды. 2009 жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады – бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қалаға жасалған миграциялық толқындар негізінен Қазақстанның өзге аймақтарынан болады. Астана адам капиталын тарту жағынан және тұрғындарының табысы жағынан елдегі көшбасшы қала болып келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б.